USD: 481.9 / 484.5
  • EUR: 549.0 / 554.0
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қос палаталы Парламентте отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды – Тоқаев

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Парламент қай уақытта да заман талабына бейімделіп, қоғамның сұранысына жедел жауап бере алған жасампаз институт болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында тәуелсіздік жылдарында заң шығарушы органның қызметіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, биылғы бірлескен отырыс Парламенттің кезекті сессасын қорытындылап қана қоймай, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұтас бір кезеңнің аяқталғанын білдіреді. Оның сөзінше, ел жаңа даму кезеңіне қадам басып отыр.

Президенттің мәліметінше, соңғы 30 жылда Қазақстан Парламенті елдің дамуы үшін маңызды болған шамамен 3,5 мың заң қабылдаған.

"30 жыл ішінде аса қажетті 3,5 мыңға жуық заң қабылданды. Оның әрбір оныншысының бастамашысы депутаттардың өздері болды. Заң шығару жүйесінің негізін халқымызға және халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған саясаткерлер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қалады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, олардың еңбегі Қазақстан парламентаризмінің тарихында ерекше із қалдырды және халық жадында сақталады.

Мемлекет басшысы сондай-ақ осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда алғашқы кәсіби Парламент өз жұмысын бастағанын еске салды. Оның пікірінше, жаңа институционалдық модельге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттілікті нығайтуға, құқықтық жүйені қалыптастыруға және нарықтық экономиканы дамытуға елеулі үлес қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент барлық кезеңде заман талабына бейімделіп, қоғамның сұранысына жедел жауап бере алған жасампаз институт болғанын атап өтті. Оның сөзінше, жоғары парламенттік мәдениет бүгінде Қазақстанның даму деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің біріне айналды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз