Ол 2,2 млн теңгеден астам айыппұл төлейді.
Алматыда 2 млн теңгеден астам соммаға жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселе Ресей Федерациясында тіркелген көлік туралы болып отыр. Автоматтандырылған бағдарламалық жүйелердің мәліметі бойынша, Audi автокөлігінің жүргізушісі аз уақыт ішінде 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам соманы құрады.
"Аталған бұзушылықтардың барлығы қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Жүргізуші көбінесе жылдамдықты бұзған. Оны "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстау мүмкін болды. Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері "Қорғау – қауіпті жүргізуші" кешені қала жолдарында 3 мың 501 құқық бұзушылықты анықтады", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
Оқи отырыңыз: Полиция жүргізуші куәлігін талап етсе, не істеу керек?
Басқарма өкілінің айтуынша, жақында Алматы жолдарында жүргізушілердің әрқайсысы 800 мың теңгеден кем емес заңбұзушылық жасаған тағы екі шетелде тіркелген көлік ұсталды. Олардың көліктері де мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Алматы полициясы әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
249
-
0
-
3
-
-
2Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
254
-
0
-
2
-
-
3🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
264
-
0
-
9
-
-
4🔥⛽️ Петропавлда жанармай құю бекеті өртенді
-
259
-
0
-
4
-
-
5Қайтыс болған азаматты жерлеуге мемлекет қандай көмек береді?
-
256
-
0
-
4
-
-
6😱Қарағандыда тұрғындар жаппай жылытқыш қосып, қала жарықсыз қалды
-
256
-
0
-
6
-
-
7Алматы облысында тұрғындардың
-
243
-
0
-
1
-
-
8👀Батыс Қазақстан облысындағы Сұлусай ауылы таратылуы мүмкін
-
230
-
0
-
1
-
-
9💬Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитеті Қарағанды маңындағы ұшақ апатының ықтимал себептерін атады
-
250
-
0
-
4
-
-
10Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады
-
240
-
0
-
2
-