Тікелей эфир

Ақтау теңіз сауда портына халықаралық мәртебе қайтарылды

Ақтау теңіз сауда порты 2018 жылға дейін халықаралық мәртебеге ие болған.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру туралы" Үкімет қаулысына қол қойды.

"Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін. Қазақстан Республикасы Көлік, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", –деп жазылған Премьер-Министр қол қойған қаулыда.


Оқи отырыңыз: Каспий теңізі тартылып барады: 15 жыл бойы түсірілген суреттер.


Құжат 21 қыркүйектен бастап заңды күшіне енді.

Ақтау теңіз сауда порты халықаралық мәртебеге ие болды, бірақ 2018 жылы одан айырылды. Бұл портты жекешелендіруге қойылған шектеулерді жою мақсатында жасалды.

Серіктестер жаңалықтары