"Қазақстан ғарыш сапары" АҚ 15 жыл бойы бойы спутник көп уақыт түсірген суреттер бойынша Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізді. Спутник түсірілімдерінің мұрағаты бойынша, Каспий теңізі таяз болып бара жатқанын көруге болады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Жерді қашықтан зондтау деректері бойынша, кейінгі 15 жылда Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы 7,1 пайызға қысқарды.2008-2023 жылдар аралығындағы су айнасы аумағы өзгерген. Атырау қаласына жақын жерде (Жайық өзені) теңіз айтарлықтай таяз болып қалған.
"Каспий теңізінің Қазақстандағы секторының су бетінің ауданы 2008 жылы 113 866,67 км2, 2023 жылы 105 745,23 км2 болды. 15 жыл ішінде көп уақыттық спутниктік суреттерді талдау су бетінің ауданы төмендегенін анықтады, бірақ теңіз деңгейі де төмендеуі мүмкін, бұл жан-жақты кешенді зерттеуді қажет етеді. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйеге де, теңіз шаруашылығына да әсер етеді", – деп жазылған ақпаратта.