Тікелей эфир

26 мамырдан бастап автокөлік иелерінен салық қарызы мәжбүрлі түрде өндіріледі

Қазақстандықтар салық берешегі бар не жоқ екенін е-Salyq Azamat сайты арқылы біле алады. 

Қазақстанда 26 мамырдан бастап 1 миллионнан аса автокөліктің салығы иелерінен мәжбүрлі түрде өндіріледі. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазір еліміздеде миллионнан аса адамның мүлік пен автокөлік салығына қарызы бар.

Қарыздың жалпы сомасы 29 млрд теңгеден асады. Берешектің транспорт салығының көлемі – 28 млрд теңге. Ал сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіруге кіріскен жағдайда азаматтардың меншігіндегі мүлкі мен банктегі есепшоттары бұғатталады. Оның үстіне берешегінің 25 пайызын сот орындаушының қызметіне төлеуге мәжбүр болады.


Оқи отырыңыз:


Егер салық төлеушінің қарызы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен, яғни 138 мың теңгеден асқан жағдайда оған ел аумағынан шығуға тыйым салынады.

Азаматтар салыққа берешегі бар немесе жоқ екенін е-Salyq Azamat сайты арқылы біле алады. 

Серіктестер жаңалықтары