Прямой эфир Новости спорта

137 орын бар: "Алматы жастарына" ілікпегендерге екінші мүмкіндік берілді

Үміткерлер өтініміне өзгеріс енгізіп, құжаттар тізімін жаңарта алады. 

"Алматы жастары" жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысуға берген өтінімдер қосымша іріктеледі, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі. 

Биылғы іріктеу кезеңінде (2022 жылғы 18 мамыр мен  1 маусым аралығы) өтінімді дұрыс толтырмау не дұрыс рәсімдемеу себепті "Алматы жастары" бағдарламасына ілікпеген қатысушылар ғана екінші мүмкіндікті пайдалана алады. Биыл 1000 өтінім қарастырылып, төлем қабілеттілігі бойынша 863 несие мақұлданған. Сәйкесінше, қалған 137 орынға бұрын құжат тапсырған 5225 қатысушы үміткер бола алады.

2022 жылдың 10-14 қазан аралығында almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтініміңізге өзгеріс енгізіп, құжаттарды тізімге сәйкес жаңартуға болады.

Айта кетейік, бағдарламаның бюджетіне 18 млрд теңге қарастырылып отыр. Ал несиенің ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – 5, бастапқы жарнасы – 10 пайыз. 


Оқи отырыңыз: "Алматы жастары 3.0" тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары