Тікелей эфир

Елорда жастары Jastar jalyny Camp-2019 лагерінде әлеуметтік жобалар мен идеяларын таныстырды

Нұр-Сұлтанда қаланың әр саладағы белсенді қыз-жігіттеріне арналған "Jastar jalyny-2019" лагері өтті.

Үш күнге созылған шараға қатысушылардың көбі әлеуметтік жобамен ерікті түрде айналысып жүрген жас еріктілер, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастар өздерінің әлеуметтік жобалары мен идеяларын ұсынды. Сонымен қатар, актриса Альмира Тұрсын, спортшы Мөлдір Мекенбаева, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Тілектес Адамбеков жастармен өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

"Жастар жылы аясында елордада ауқымды шаралар өтуде. "Jastar jalyny Camp-2019" лагеріне 100-ге жуық адам қатысып отыр. Олар өздерінің жобаларын ұсынып, біз үздіктерін таңдап алдық. Мұнда олар жаңа мүмкіндіктер ашып, қызықты адамдармен таныса алады. Біз болашақта да біріге жүзеге асыру үшін жастардан шығармашылық идеялар күтеміз", – деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.


Фото http://astana.gov.kz


Оның айтуынша, "Астана жастары" мыңнан астам белсендінің басын қосып отыр. Олардың қатары әлі де көбейеді. Ол волонтерліктің үлкен мектеп екенін, қазір осы бизнеспен айналысатын балаларға арналған әлеуметтік пакет әзірленіп жатқандығын айтты.

"Жалпы, волонтерлік дегеніміз – үлкен мектеп. Соның арқасында біреуі – мемлекеттік қызметте, біреуі кәсіпкерлікте өз жолдарын тауыпжатады. Алдағы "Волонтер жылының" аясында біз осы саладағы азаматтарды одан әрі ынталандырып, олардың санын арттырғымыз келеді", – деді Талғат Рахманберді.


Фото http://astana.gov.kz


"Астана жастары" мекемесінің жетекшісі Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, мұндай шаралар жастарға өз идеялары мен ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік береді. Мәселен, Астана медициналық университетінің студенттері қан донорларының санын көбейтуге бағытталған мобильді қосымша ұсынып отыр.

"Біз тікелей донорларды, реципиенттерді және медициналық ұйымдарды қамтамыз етеміз. Тұрақты донорлар ұпай жинап, талондар береді. Олардың көмегімен тамақтану орындарында жеңілдікпен ас ішуге болады. Мотивациялық ынталандыру жүйесінің принципі қолданылады", – деп түсіндірді жобаны жасаушылардың бірі, төртінші курс студенті Рузи Шихов.

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары