Қазақстан автонарығы кейінгі жылдары түбегейлі өзгерді. Бір жағынан отандық зауыттар өндірісті ұлғайтып, ресми дилерлік орталықтар көбейсе, екіншіден қолжетімді бағадағы қытайлық брендтер нарыққа кірді. Әрі автонесие шарттары жеңілдеп, су жаңа көлік тізгіндеу қазақстандықтар үшін қолжетімді бола түсті.
Осы орайда Informburo тілшісі Kolesa.kz сайтына шолу жасап, 10 миллион теңгеге дейінгі бағаға қандай көліктер сатып алуға болатынын зерттеген еді. Зерттеу нысанына Қазақстан жүргізушілері арасында ең танымал, кеңінен қолданылатын, 2015 жылдан бері шыққан басқару қорабы автомат көліктер ілінді.
Үш жыл бұрын дәл осындай шолу әзірлеген едік. Осы аралықта автокөлік бағасы айтарлықтай арзандағанын және қытайлық көліктер көбейгенін көріп отырмыз.
1. Hyundai
Hyundai – оңтүстіккореялық көлік маркасы. Kolesa сайтында 10 миллион теңгеге дейін бағаға 4500-ге жуық Hyundai көлігі бар.
Ал hyundai.kz сайтында жаңа көліктер құны 10 миллион теңгеден басталады.
Hyundai Accent, көлемі – 1,6 литр:
- 2015 – 4,3-7 млн теңге;
- 2016 – 3-7,9 млн теңге;
- 2017-2019 – 5,5-8 млн теңге;
- 2020-2023 – 5-9,3 млн теңге.
Hyundai Elantra, көлемі – 2 литр:
- 2015 – 3,5-7 млн теңге;
- 2016-2018 – 3,7-9,2 млн теңге;
- 2019 – 4,3-10 млн теңге;
- 2020 – 3,6 млн теңгеден басталады;
- 2021 – 4,5 млн теңгеден басталады.
Hyundai Sonata, көлемі – 2,4 литр:
- 2015-2016 – 3,7-10 млн теңге;
- 2017-2018 – 4,2-10 млн теңге;
- 2019 – 3,7 млн теңгеден басталады;
- 2020 – 7 млн теңгеден басталады;
- 2021 – 7,5 млн теңгеден басталады;
- 2022 – 8,8 млн теңгеден басталады;
- 2023 – 10 млн теңгеден басталады.
2. Toyota
Toyota – жапониялық автокөлік маркасы. Kolesa сайтында 10 млн теңгеге дейін автомат басқарылатын 1600-ден астам Toyota маркалы көлік бар.
Ал Қазақстандағы "Тойота" орталығында жаңа көліктердің бағасы 13,8 млн теңгеден басталады.
Toyota Camry, көлемі – 2,5 литр:
- 2015-2016 – 4,7 млн теңгеден басталады;
- 2017 – 5 млн теңгеден басталады;
- 2018 – 5,5 млн теңгеден басталады;
- 2019-2020 – 6,7 млн теңгеден басталады;
- 2021-2022 – 8 млн теңгеден басталады.
Toyota Corolla, көлемі 1,6 литр:
- 2015-2016 – 5-9 млн теңге;
- 2017 – 5,5-9,5 млн теңге;
- 2018 – 6,8–9,6 млн теңге;
- 2019 – 6,5-10 млн теңге;
- 2020-2023 – 7-10 млн теңге.
Оқи отырыңыз: Экономист Қазақстанда көлік бағасы қашан тұрақталатынын атады
3. Kia
Kia – оңтүстіккореялық автокөлік маркасы. Kolesa сайтында 10 млн теңгеге дейін автомат басқарылатын 5200-ден астам Kia маркалы көлік бар. Реcми сайтында жаңа K5 маркалы көлік бағасы 12,5 млн теңгеден басталады.

Kia Rio, көлемі – 1,6 литр:
- 2015 – 3,3-7 млн теңге;
- 2016 – 4,5-6,6 млн теңге;
- 2017-2018 – 3,8-8 млн теңге;
- 2019 – 4,5-8,2 млн теңге;
- 2020 – 6,4-8,5 млн теңге;
- 2021 – 5,2-10 млн теңге;
- 2022 – 4,7-9,5 млн теңге.
Kia K5, көлемі – 2 литр:
- 2015 – 1,2 млн теңгеден басталады;
- 2016-2017 – 3,7 млн теңгеден басталады;
- 2018-2021 – 5,5 млн теңгеден басталады;
- 2022 – 9,8 млн теңгеден басталады.
4. ВАЗ (Lada)
Lada – ресейлік автокөлік маркасы. Kolesa сайтында 10 млн теңгеге дейін автомат басқарылатын 700 астам Lada маркалы көлік бар. Қазақстандағы ресми дистрибьютор сайтында жаңа Lada автокөліктерінің бағасы 5,8 млн теңгеден басталады.
Көлемі – 1,6 литр:
- Lada Granta 2190 – 1 млн теңгеден басталады, 6,7 млн теңгеге дейін барады;
- Lada Granta 2191 – 2-5,5 млн теңге;
- Lada Granta 2192 – 3,2-4,7 млн теңге;
- Lada Granta 2194 – 3,7-5,4 млн теңге;
- Lada Vesta – 3,6-7,5 млн теңге;
- Lada Kalina – 3-4,5 млн теңге.
Оқи отырыңыз: Lada жеңіл көлігін сатып алушылар саны артты. Қазақстанда қандай көліктер құрастырылады?
5. Chevrolet
Chevrolet – америкалық автокөлік маркасы. Kolesa сайтында 10 млн теңгеге дейін автомат басқарылатын екі мыңнан астам Chevrolet маркалы көлік бар. Ресми диллер сайтында жаңа автокөліктеpдің бағасы 6 млн теңгеден басталады.

Chevrolet Cobalt, көлемі – 1,5 литр
- 2015-2020 – 2,5-6,5 млн теңге;
- 2021 – 3,8-7,2 млн теңге;
- 2022 – 3,6-7,4 млн теңге;
- 2023 – 3-7,5 млн теңге;
- 2024 – 5-8,2 млн теңе;
- 2025 – 3,5-7,8 млн теңге.
Chevrolet Onix, көлемі – 1,8 литр
- 2023 – 4,2-8,5 млн теңге;
- 2024-2025 – 5,9-8,5 млн теңге.
Chevrolet Nexia, көлемі – 1,5 литр
- 2020-2021 – 3,3-6 млн теңге;
- 2022 – 3,7-6,6 млн теңге;
- 2023 – 4,2-6,5 млн теңге.
6. Changan
2022 жылы қытайлық Changan бренді Қазақстан нарығына кірді. Сол кезде жаңа көлік бағасы 8,9 миллион теңгеден басталды. Ал Kolesa сайтында 10 млн теңгеге дейін 800 астам көлік бар.
CS55 Plus, көлемі – 1,5 литр:
- 2022 – 7,9 млн теңгеден басталады;
- 2023 – 7 млн теңдеген басталады;
- 2024 – 6 млн теңгеден басталады;
- 2025 – 9 млн теңгеден басталады.
X5 Plus, көлемі – 1,5 литр:
- 2024 – 7,1-9,9 млн теңге;
- 2025 – 5 млн теңгеден басталады.
2023 жылдан бастап шыққан көлемі 1,5 литрлік CS75 Plus көлігінің бағасы 6,8 млн теңгеден басталады. Ал көлемі 1,5 литрлік EADO маркалы көліктердің құны 7,5 млн теңгеден басталады.
7. Chery
2021 жылғы желтоқсаннан бастап Chery автокөліктері Қазақстанда сатылымға шықты. Кроссоверлердің бағасы 8,5 млн теңгеден басталды. Kolesa сайтында біздің шарттарымызға сай келетін 500 астам көлік сатылымға қойылған.
Көлемдері бірдей 1,5 литрлік көліктердің бағасы:
- Tiggo 2 – 3,5-6,5 млн теңге;
- Tiggo 2 Pro – 4,5-7,5 млн теңге;
- Tiggo 2 Pro – 5,5-9 млн теңге;
- Tiggo 4 – 5,8-8,8 млн теңге;
- Tiggo 4 Pro – 4,5-9 млн теңге;
- Tiggo 7 Pro – 5,6 млн теңгеден басталады;
- Tiggo 7 Pro Max, Tiggo 8, Tiggo 8 Pro – 7 млн теңгеден басталады.
8. Haval
2021 жылғы сәуірде Haval бренді Қазақстанда сатыла бастады. Kolesa сайтында 10 млн теңгеге дейін бағада 460 көлік сатылымға қойылған.
Көлемі 1,5 литр болатын көліктердің бағасы:
- Haval Jolion – 6,1 млн теңгеден басталады;
- Haval M6 – 7 млн теңгеден басталады;
- Haval H6 – 9 млн теңгеден басталады;
- Haval Dargo – 9,3 млн теңгеден басталады.
Басқа да қытайлық брендтер
Omoda:
- S5, 1,5 литр – 4 млн теңгеден басталады;
- C5, 1,5 литр – 5,1 млн теңгеден басталады.
Geely:
- Geely Emgrand 7 (1,5 литр) – 4,8 млн теңгеден басталады;
- Geely Coolray – 5,5 млн теңгеден басталады;
- Geely Emgrand X7 – 3,5 млн теңгеден басталады;
- Geely Atlas – 9,3 млн теңгеден басталады;
JAC:
- J7 – 4,3 млн теңгеден басталады;
- S3 – 3 млн теңгеден басталады;
- S5 – 4 млн теңгеден басталады;
- JS4 – 4,5 млн теңгеден басталады;
- JS6 – 5,8 млн теңгеден басталады;
- S3 Pro – 5,5 млн теңгеден басталады;
- J7 Plus – 8 млн теңгеден басталады.
Jetour көліктерінің құны 4 млн теңгеден, ал 2024 жылдан бастап шыққан BYD электрлі көліктерінің бағасы 4,2 млн теңгеден басталады. Ал Exeed көліктерін 6,6 млн теңгеден бастап сатып алуға болады.
USD:
520.9 / 523.7
EUR:
608.5 / 613.5
RUB:
6.47 / 6.59