Қытайлық бренд Қазақстандағы көліктерінің бағасын төмендетті. Қанша үнемдеуге болады?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жеңілдік сомасы 900 мыңнан басталып, 2,6 миллион теңгеге дейін жетеді.

Қытайдың Jac автобренді Қазақстанда сатылатын көліктерін арзандатты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Енді брендтің ең арзан көлігі S3 Pro 7 490 000 теңге тұрады.

Компания, сондай-ақ, өзге көліктерін де күрт арзандатқан. Айталық:

  • J7 лифтбегін енді 8 890 000 теңгеге сатып алуға болады (жеңілдік 800 мың теңге);
  • Оның J7 Plus түрі – 9 590 000 теңге (жеңілдік 1,1 миллион теңге);
  • JS4 – 7 990 000 теңге (жеңілдік 900 мың теңге);
  • JS6 – 8 890 000 теңге (жеңілдік 2,6 миллион теңге); 
  • JS8 – 11 590 000 теңге (жеңілдік 1,5 миллион теңге); 
  • JS5 – 8 590 000 теңге (жеңілдік 2,1 миллион теңге);
  • EJ-7 электромобилі – 12 290 000 теңге (жеңілдік 700 мың теңге).

"Компания автомкөліктерінің қазақстандық сатушыларға қолжетімді әрі тартымды болуына ұмтылады. Жаңарған баға жайлы, қауіпсіз көліктерді арзан бағада сатып алуға мүмкіндік ашады", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары