Жер шарының Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне құлаған 2024 RW1 астероиды атмосфера қабатында жанып кетті, деп хабарлады New Scientist басылымы.
Астероид мөлшері шамамен 1 метр шамасында болса, оның құлау жылдамдығы секундына 17,6 шақырымды (сағатына 63 360 шақырым) құраған.
Басылымның жазуынша, бұл жылдамдық мұндай астероидтар үшін орташа көрсеткіш болып табылады. Сәйкесінше, NASA Планеталық қорғанысты үйлестіру басқармасы астероидтың қауіп төндірмейтінін алдын-ала болжаған. Сәйкесінше, ешқандай эвакуация шаралары қолға алынбаған.
Сайт Ұлыбританиядағы Корольдік университетінің ғалымы Алан Фитцсиммонстың "Мұндай шағын нысан Жерге ешқандай зардап келтіре алмайды. Бізді одан Жердің атмосферасы қорғайды", – деген пікірін келтірген.
Оқи отырыңыз: Ғарышта ең ұзақ болған қазақ ғарышкері кім? Тест
X әлеуметтік желісіндегі видеодан 2024 RW1 астероидының атмосферада жану сәтін көруге болады:
☄️💥Woah! Newly discovered 1-1.5m asteroid 2024 RW1 (spotted by near-Earth asteroid hunters in the US) burns up above the Philippines just hours after it was first seen.
— Dr Robin George Andrews 🌋☄️ (@SquigglyVolcano) September 4, 2024
This asteroid wasn’t a risk. But if it was, a duck-and-cover warning was possible. pic.twitter.com/Fht4yqRsBP