USD: 477.9 / 482.9
  • EUR: 561.5 / 567.5
  • RUB: 6.51 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Илон Маск Трампты қолдауға айына 45 миллион доллар беруді жоспарлап отыр

Бұған дейін Илон Маск 2024 жылғы сайлау үміткерлерін қолдаудан бас тартқан болатын.

Илон Маск экс-президент Дональд Трампты қолдау көрсететін саяси комитетке айына шамамен 45 миллион доллар беруді жоспарлап отыр, деп жазады New York Post.

Басқа демеушілер қатарында "Palantir Technologies" негізін қалаушы Джо Лонсдейл, егіз кәсіпкерлер Уинклвосс-Кэмерон Ховард және Тайлер Ховард, АҚШ-тың Канададағы бұрынғы елшісі Келли Крафт және оның күйеуі Джо Крафт, "Alliance Resource Partners" көмір өндіруші компаниясының бас директоры бар.

Бұған дейін И.Маск 20 жастағы қарулы адам Пенсильваниядағы митинг кезінде Дональд Трампқа қастандық жасағанға дейін 2024 жылғы сайлау үміткерлерін қолдаудан бас тартқан.

53 жастағы Илон Маск қазірдің өзінде "America PAC" қорына "қомақты соманы" аударып тастады, бірақ жалпы сомасы жария етілмеді.

"X" иесі Трампқа шабуыл жасалғаннан бірнеше минуттан кейін республикалық партияның кандидатын "толық қолдау" үшін әлеуметтік медиа арнасын пайдаланды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз