Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Жаңа жасыл желек қалалық ортаны жақсартуға және автомобиль жолына іргелес аумақты көгалдандыруға мүмкіндік береді.

Ұлытау облысындағы Қазақмыс кәсіпорындарының жұмыскерлері Жезқазған қаласында өткен ауқымды экологиялық акцияға қатысып, 5 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Көгалдандыру жұмысы республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Терек, қарағаш, шаған, үйеңкі және сары қараған көшеттері қаланың батыс бөлігіндегі тұрғын алабының қорғаныш орман белдеуіне, сондай-ақ Жезқазған-Сәтбаев автожолының бойына отырғызылды. 

Жұмыс "Қазақмыс" компаниясы мен Ұлытау облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. Отырғызу алдында мамандар аумақты дайындап, көшет егілетін орындарды әзірледі. 

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жаңа жасыл желек қорғаныш аймақтарын қалыптастыруға, қалалық ортаны жақсартуға және автомобиль жолына іргелес аумақты көгалдандыруға мүмкіндік береді. Өңірдің қуаң климатын ескерсек, ағаштардың жерсінуін қамтамасыз етіп, оларды күтіп-баптаудың маңызы зор. 

"Таза Қазақстан" экологиялық бастамаларына қатысу Қазақмыс жұмыскерлерін ортақ мақсатқа біріктіреді. Бұл – өңірдегі қалалар мен елді мекендерді жасыл желекке оранған және өмір сүруге қолайлы ортаға айналдыру.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау