Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясында Жапонияда өткен ХХ Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанған академия студенттерін марапаттау шарасы өтті.
Азия ойындарына қатысқан академия студенттері ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль салған болатын. Олардың ішінде таеквондошы Тамирлан Тілеулес пен семсерлесуші Кирилл Проходов Азия ойындарының чемпионы атанды. Тамирлан Тілеулес таеквондодан тарихи жеңіске жетсе, Кирилл Проходов семсерлесуден Қазақстан құрамасының сапында алтын медаль иеленді. Жүлдегер атанған студенттердің бірі – ушу-саньдадан Азия ойындарының қола медалін иеленген Алижан Аблагатов.
Осы орайда академия президенті Қайрат Закирьянов студент-спортшылардың жетістігін жоғары бағалап, Тамирлан Тілеулес пен Алижан Аблагатовқа ректор грантын табыстады. Бұған дейін ақылы бөлімде білім алып келген қос спортшы енді оқуын тегін жалғастырады.
Ал джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Жібек Құлымбетоваға арнайы алғыс хат табысталды.
Марапаттау шарасына қазақ боксының даңқты өкілі, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев та қатысты. Оған Қазақ спорт және туризм академиясының Құрметті профессоры атағы беріліп, Геннадий Головкиннің ұсынысымен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жоғары ордені табысталды.
84 медаль: Қазақстан Азия ойындарын сегізінші орынмен аяқтады
Азия ойындарындағы кроссовка дауы: Атлет Ясмина Тоқсанбаева неге алтын медалінен айырылды