Ақмола облысында астық жинау науқаны аяқталуға жақын: 6 млн тоннадан астам өнім бастырылды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Ақмола облысында астық жинау рекордтық көрсеткішке жетті.

Ақмола облысы елдің басты астықты өңірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Биыл өңірде қазірдің өзінде 6 млн тоннадан астам астық бастырылды. Жалпы өнім көлемі 7 млн тоннадан асады деп болжанып жатыр. Бұл – кейінгі 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, астық жинау науқанының 80%-дан астамы аяқталды. Орташа өнімділік гектарына 15,9 центнерді құрап, өнімнің елеулі бөлігі жоғары сапасымен ерекшеленіп отыр.

Биыл егістік алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жетті. Сонымен қатар кейінгі екі жылда майлы дақылдар көлемі 2,5 есеге өсіп, алғаш рет 500 мың гектарға дейін жеткен.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мыңға жуық фермер техникасын жаңартып, дала жұмыстарына 20 мыңға жуық техника тартылды. Шаруаларға жеңілдікпен дизель отыны берілді.

Жиналған өнімді қабылдауға астық қоймалары мен қабылдау кәсіпорындары толық дайын. Қосымша уақытша қоймалар да пайдаланылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау