ҚазҰУ Журналистика факультетіндегі даудан кейін жаңа декан тағайындалды

Фото: ҚазҰУ ресми сайты
Фото: ҚазҰУ ресми сайты
Факультет тізгінін Ысқақ Егембердиев ұстады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің бұрынғы деканы Темірғали Көпбайдың университеттегі кадрлық әділетсіздіктер туралы мәлімдеп, бұл жазба дауға ұласқаннан кейін факультетте жаңа декан тағайындалды. Ол – PhD докторы Ысқақ Егембердиев. 

Жаңа декан – осы факультеттің түлегі. Ол 1983 жылы дүниеге келген. "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары, бас директоры, "Айқын-Литер" ЖШС директоры болып қызмет атқарды. 

Еске салайық, ақын, факультеттің бұрынғы деканы Темірғали Көпбай факультеттің төрт оқытушысының қызметтен кеткенін мәлімдеп, мұны университет басшылығының қудалауының нәтижесі деп айыптады. 

Бұдан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректоры Алина Галеева қалыптасқан жағдайға түсініктеме беріп, профессор ғалымдардың әрбірінің қызметтен кету себептерін атады. 

Дегенмен, әлеуметтік желіде бұл шешімге қарсы болғандардың қарасы көп болды.  

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау