USD: 486.5 / 489.1
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Жасөспірімдер жанжалы: Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Полиция адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғады.

Алматы қаласында 12 жастағы баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға 10 маусым күні Түрксіб ауданында болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жасөспірімге бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. Оқиға туралы алғаш болып баланың әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялаған.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 13 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бір-бірін бұрыннан таныған. Тергеудің бастапқы нұсқасына сәйкес, қайғылы жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазір күдікті арнайы мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

Полиция аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары тергеу қорытындысына сәйкес күдіктінің ата-анасының бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындау мәселесін де қарастыратынын мәлімдеді.

Қазір іс құқық қорғау органдарының бақылауында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз