Тікелей эфир

Ресей Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдайтын мұнай көлемін арттырады

Мұнай енді екі бағыт бойынша тасымалданады.

Үкімет Қазақстан мен Ресей арасындағы Ресейден Қытайға мұнайды Қазақстан арқылы тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы құжат жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

Мұндай келісім 2014 жылғы 1 қаңтардан бері әрекет етіп, 2023 жыл соңында аяқталуы тиіс болатын. Жаңа құжат жобасында бұрынғы келісімнен бірқатар өзгешеліктер бар.

Атап айтқанда, бұрын Ресей Қазақстан арқылы Қытайға 7 млн тонна (10 млн тоннаға дейін арттыруға болады) мұнай тасымалдай алса, енді оның мөлшері бірден 10 млн тонна болып бекітілмек.

Сондай-ақ, Ресей Қытайға мұнайды енді екі бағыт бойынша тасымалдайды:

  • РФ шекарасы – ҚР шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосібір-2" магистральды мұнай құбыры) – ҚР шекарасы – РФ шекарасы ("Туймазы – Омбы – Новосібір-2" магистральды мұнай құбыры);
  • РФ шекарасы – Ертіс (ҚР) – Атасу (ҚР) – Алашанькоу (ҚХР) тасымалдау бағыты. 

Оқи отырыңыз: Мұнайға тәуелділік. Brent бағасының құлдырауы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?


Бұл ретте бірінші тасымал бағыты бойынша Қазақстанға төленетін ақы әр тонна мұнай үшін 2,1 АҚШ доллары болып бекітілсе, екінші бағыт бойынша баға тараптардың келісімі бойынша бекітіледі.

Жаңа келісім 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет етеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары