Рамазанда пойыздардағы вагон-мейрамханаларда спирттік ішімдік сатылмайды

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Рамазан айында пойыздарда алкоголь сатылмайды.

Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы жұмыс кестесіне көшеді. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Жаңа тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі. Енді олар күн сайын сағат 08:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ораза ұстаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында сәресі уақытында – сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін қосымша ашық болады. Осы уақытта жолаушылар таңғы асын ішіп үлгере алады", – делінген хабарламада.

Рамазан айына орай вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ал ауызашар кезінде жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Сонымен қатар қасиетті айда пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз