Қазақстанда студенттер топтарының арасында технологиялық және Startup идеялар байқауына өтініш беру басталды. Өтінімдер байқау сайтында 14 наурызға дейін қабылданады.
Дәстүрге айналған Red Bull Basement байқауына еліміздегі университеттер мен колледждердің 18 жастан асқан студенттері 1-2 адамдық топ құрап қатыса алады. Бұл ретте бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлтты технологиялар және жасанды интеллект саласындағы жобаларға басымдық беріледі.
Сайт арқылы өтінім беру кезінде жобаның идеясы, мақсатты аудиториясы, қандай мәселені шешетіні және шешу жолдары да жан-жақты жазылуы тиіс. Өтінім беру кезінде студенттер жобасын жетілдіру үшін арнайы Microsoft Azure Credits жасанды интеллект көмекшісін қолдана алады. Айта кетерлігі, сайтқа тіркелген студенттер оны тегін пайдаланады.
Қазылар алқасы өтінімдерді қарағаннан кейін іріктелген командалар екінші турда 1 минуттық видео-питч әзірлейді. Сол арқылы АҚШ-тағы халықаралық финалға қатысатын қазақстандық жеңімпаз студенттер анықталады. Олар жобасын жүзеге асыру үшін 100 мың АҚШ долларын иеленіп қана қоймай, халықаралық сарапшылар мен монторлардың көмегіне қол жеткізеді және жаңа инвесторлар табу мүмкіндігіне ие болады.
Еске салайық, 2024 жылы Тараз қаласының жоғары сынып оқушылары Қанат Тәжіхан мен Сұлтан Жұмақадыр әзірлеген Umit жобасы үздік деп танылды.
Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі адамдарға тіл қимылы арқылы технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін құрылғыны ұсынады. Идея авторлардың егде жастағы туыстары күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды бақылау нәтижесінде туған. Жобаны әзірлеу барысында негізгі қиындықтар микрочиппен жұмыс істеу кезінде жоғары дәлдікті талап етуі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен сұхбат жүргізу және тестілеу үдерісін ұйымдастыру болды. Алдағы уақытта жоба негізін қалаушылар шешімді дамытып, қоғамдық қорлармен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07