Алматыда 16 жастан асқан оқушылар мен студенттерге арналған AI Engineering бағдарламасы бастау алды. Оның аясында қатысушылар жасанды интеллект негіздерін қазақ тілінде меңгеріп, өзінің AI көмекшісін жасай алады.
Бұл бастама АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аясында Makerspace желісінің базасында 19-23 қаңтар аралығында жүзеге асырылады. Жобаға қатысу тегін, ол үшін үміткерлер осы тіркеу формасын толтыруы қажет.
"AI Engineering жобасында теориядан гөрі практикаға көбірек көңіл бөлінеді. Қатысушылар бағдарламалаудың негіздерін үйреніп, шын AI құралдарын пайдаланады. Заманауи дыбыстық және мәтіндік көмекшілер қалай жасалатынын үйреніп, өзінің АІ жобаларын әзірлейді", – деді жоба жетекшілері.
Ұйымдастырушылар бұл жоба жастарды болашақтың мамандықтарына дайындап қана қоймай, технологияны жергілікті тіл мен мәдениетке бейімдеудің бір қадамы болатынын айтты.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17

