Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Фото: Құрылтайдың Telegram арнасы
Фото: Құрылтайдың Telegram арнасы
Ол бұған дейін Құрылтай депутаты болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Сондай-ақ, президент бүгін Әскер Бейсеновті қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатты.

Татьяна Савельева бүгінге дейін Құрылтай депутаты болып қызмет атқарды. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау