Тікелей эфир

Прокурор Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасының мән-жайын айтты

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен өз әйелін азаптап, өлтірді деген күдікке ілінді.

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдауда айыптаушы тарап Салтанат Нүкенованы өлтіру оқиғасының қалай және қандай жағдайда орын алғанын айтып берді.

Айтуынша, кісі өлтірген күні Бишімбаев пен Нүкенова концертте болған. Экс-министр елеусіз себеппен Нүкеновамен жанжалдаса бастаған. Екеуі концерттің аяқталуын күтпестен, ғимараттан шығып, ұрсысқан күйде БАУ мейрамханасына қарай жаяу барған.

"Мейрамханаға келген соң Бишімбаев пен Нүкенова бірге №5 VIP-бөлмеге барып, алкогольдік сусындарға, атап айтқанда, шарапқа тапсырыс берген. Мейрамханада болған кезде екеуі төрт бөтелке шарап ішіп отырып жанжалды жалғастырған. Жанжал кезінде Нүкенова Бишімбаевқа бұл қарым-қатынастан шаршағанын, ақыры оны тастап кетуге бел буғанын айтқан. Бұл туралы ағасы Амангелдіге жазған. Ол Амангелдіге түнеуге баратынын жазып, такси шақыруға әрекеттенген", – деді прокурор Айжан Аймағанова.

9 қараша күні сағат 00.30-да олар мейрамханадан бірге шыққан, бірақ Бишімбаев Нүкенованы ағасына жібермей, жанжалдаса берген. Сол күні сағат 02.00-де олар мейрамханаға оралды.

Айжан Аймағанова сол кезде мейрамхана залында жұмысшылар мен көмекші болғанын атап өтті. VIP бөлмеде ерлі-зайыптылар ішімдік ішуді жалғастырып, осы уақытта Бишімбаевтың қызғанышынан олардың арасында қайтадан жанжал туындап, бір-біріне айқайлай бастаған. Бишімбаев Нүкенованы балағаттай бастаған. Сонымен қатар, Нүкенованың өзіне тәуелді екенін көрсету үшін соңғы сатып алған киімдері мен зергерлік бұйымдары үшін оны сөге бастаған.

"Нүкенова бұған ашуланып, іш киімінен басқа барлық киімдерін шешіп, олар тұрған залға лақтырып жіберген. Қуандық ашуланып, жұдырығымен дене жарақатын сала бастаған. Бишімбаев мас күйінде Нүкенованы іш киімінің үстіне өзінің күртешесін кигізіп, көлік тұрағына түскен. Мейрамхана қызметкерлерінің Нүкенованы соққыға жығылған күйде көргенін қаламағандықтан, үйге қарай көлікпен жүруді ұйғарған. Бірақ ол ғимараттан шыға алмай, тротуарға шығып кеткен, сол кезде оны автотұрақ күзетшісі көріп қалып, көлікті тоқтатқан. Содан сағат 07.00-де Нүкеновамен бірге мейрамханаға көтерілді", – деп жалғастырды Аймағанова.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кінәсін мойындаған жоқ


Мейрамхана холында айыпталушы жұдырығымен әйелдің өмірлік маңызды органы – басына бірнеше соққылар беріп, қатты ауырсынуды сезінген Нүкенова еденге құлаған. Осыдан кейін экс-министр күзгі аяқ киім киген аяғымен  Нүкенованың қорғансыз денесі мен бөксесін ұра бастаған.

"Содан кейін Нүкенованы еденнен көтеріп, басынан тағы да жұдырықпен ұрып, шашынан ұстап, №1 VIP бөлмесіне қатігездікпен сүйреп кіргізген. Нүкенова өз өмірі үшін қатты қорқып, Бишімбаевтың агрессиясын көріп, VIP залдың дәретханасына өзін қамаған. Оның бұл әрекеті Бишімбаевты одан сайын ашуландырып, ол есікті алдымен қолымен, сосын музыкалық колонканың темір штативпен қаға бастаған. Дәретхананың есігін ашып, Нүкенованы шығарып алып, мақсатты түрде азаптап,  яғни ерекше қатыгездікпен жұдырықпен және аяқпен өмірлік маңызды орган – басы мен денесіне бірнеше рет соққы берген. Ол оның тамағынан ұстап, тұншықтыра бастаған. Соның салдарынан Нүкенова есін жоғалтты. Алайда, біраз уақыттан кейін Нүкенова есін жиған. Мұны көрген Бишімбаев оның басына қайтадан бірнеше соққы бере бастаған және Нүкенованың ес-түссіз жатқанына және өмірлік белгілердің жоқтығына көз жеткізген соң тоқтаған", – деді прокурор.

Елорда сотында өзінің жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Істі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары