Президент Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметінше, "Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

"Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды", – делінген Ақорданың хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Серіктестер жаңалықтары