Тоқаев Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Ал келесі аптада Астанаға Эстонияның президенті келеді.

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тығыз жұмыс кестесін жариялады.

Ақорданың мәліметінше, 14 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысады. Жиын барысында аграрлық саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланады.

"14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекеттер басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді. 16 қарашада президент Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады. 17-19 қараша күндері Астанаға Эстония президенті Алар Карис мемлекеттік сапармен келеді", – делінген хабарламада.

Ақордада мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз