USD: 472.9 / 476.9
  • EUR: 540.5 / 546.5
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

ЕҚДБ Қазақстанда ББҚ зауытын салуға 25 млн еуро инвестиция бөледі

Фото: Orzax.com
Фото: Orzax.com
Жоспар бойынша, зауыт 2028 жылдың басында іске қосылады.

Түркиялық Orzax компаниясы Қазақстанда өндірістік және логистикалық базаны құру мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкінен 25 миллион еуро көлемінде несие алу жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Бұл қаржы Қазақстан аумағында жаңа өндірістік және логистикалық базаны құруға жұмсалады. Жоба 2027 жылдың соңына қарай іске қосылып, Азия мен Шығыс Еуропаны қамтитын кең өңір үшін стратегиялық әрі логистикалық орталыққа айналуы тиіс. Қазақстанның еркін сауда мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жоба өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруды көздеп отыр. Жоспар бойынша, зауыт 2028 жылдың басында пайдалануға беріледі. Оның құрылысы шеңберінде шамамен 40 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсалмақ.

Alyors Group басқарма төрағасы Селман Алимоглу Еуропалық қайта құру және даму банкімен әріптестік Orzax компаниясының ұзақ мерзімді даму бағытына деген халықаралық сенімді білдіретінін атап өтті. 

Оның айтуынша, бүгінде компания өнімдері 50-ден астам елге экспортталады, ал Қазақстандағы жоба Orzax-тың алғашқы шетелдік инвестициясы болып отыр.

"ЕҚДБ тарапынан көрсетілген 25 миллион еуро көлеміндегі қолдау біздің жоғары сапа стандарттарымыз бен ғылыми-зерттеу бағытымыздың халықаралық деңгейде мойындалғанын дәлелдейді. Біз қауіпсіз әрі сертификатталған тағамдық қоспаларды өндіре отырып, жинақталған тәжірибемізді жергілікті мүмкіндіктермен ұштастырамыз", – деді Селман Алимоглу.

Жаңа өндірістік орталық Orzax компаниясына Орталық Азия, Қытай, Кавказ және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына тікелей шығуға мүмкіндік береді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау