Экс-банкир Жомарт Ертаевты бостандыққа шығару туралы сот қаулысы күшін жойды. Оған не себеп?

Жомарт Ертаев. Фото: Эмин Джафаров / "Коммерсантъ"
Жомарт Ертаев. Фото: Эмин Джафаров / "Коммерсантъ"
Сот Ертаевқа рақымшылық актісін қолдану туралы қаулының күшін жойып, оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Алматы облыстық соты экс-банкир Жомарт Ертаевқа рақымшылықпен бостандық беру қаулысының неге жойылғанын түсіндірді.

Алматы облыстық сотының мәліметінше, Алмалы аудандық сотының 2021 жылғы 25 маусымдағы қаулысында бірқатар процессуалдық қателіктер кеткен.

Атап айтқанда:

  • Сот үкімі бойынша өтелген жаза мерзімін есепке алуға рұқсат берілмеген;
  • Ерсаевтың жаза мерзімі нақты қай үкімнен бастап есептелетіні көрсетілмеген;
  • Алатау сотының қаулысында және қылмыстық-атқару мекемесінің №14 анықтамасында сәйкессіздіктер болған;
  • Мекеме берген анықтамаға басшының қолы қойылмаған.

Осы себептерге байланысты сот Жомарт Ертаевқа рақымшылық актісін қолдану туралы қаулының күшін жойып, оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Еске салайық, 2020 жылы Ертаев Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқыруды ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды (кейін 9 жылға қысқартылды). 2021 жылы тағы бір іс бойынша аса ірі көлемде ұрлықты ұйымдастырғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 2025 жылғы қыркүйек айының басында ҚАЖК Ертаевтың рақымшылықпен бостандыққа шыққанын хабарлаған. Кейін ІІМ басшысы Ержан Сәденов пен мәжіліс депутаттары бұл шешімнің заңдылығына күмән келтірді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау