USD: 484.7 / 487.7
  • EUR: 559.0 / 564.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Алматыдағы монша кешендеріне қандай жаңа талаптар қойылады?

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Монша кешендері жаңа кезеңге дайындалады.

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау және үшінші санаттағы нысандарға арналған жаңа экологиялық талаптарды енгізу мәселесі бойынша монша кешендерінің иелерімен кездесу өтті. Іс-шараны Eco Almaty мен Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты – атмосфераға таралатын зиянды шығарындыларды азайту жолдарын талқылау және кәсіпкерлерді алдағы экологиялық стандарттарға дайындау болды. Әсіресе тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес өкілдеріне, соның ішінде монша кешендеріне ерекше назар аударылды.

әЖиын барысында кәсіпкерлердің жаңа талаптарды орындауы үшін қажетті шаралар қарастырылды. Олардың қатарында экологиялық таза отын түрлеріне көшу, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату және өндірістік процестерде экологиялық нормативтерді сақтау мәселелері бар. Кәсіпкерлер жабдықтарды жаңғырту мүмкіндіктері, талаптарға бейімделу мерзімдері және қолдау тетіктері туралы сұрақтар қойды. Мамандар барлық өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілетінін және бизнес өкілдеріне кеңес беру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті, – делінген хабарламада.

Eco Almaty ЖШС бас директоры Марат Сембеков кәсіпкерлердің жұмыс ерекшеліктері ескерілетінін айтып, жаңа талаптарға бейімделудің тиімді жолдарын бірлесіп іздеуге дайын екендерін жеткізді.

Оның сөзінше, басты мақсат – кәсіпкерлік қызметке шектеу қою емес, қаладағы ауа сапасын жақсартып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, тұрақты кездесулер мен консультациялар өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, үшінші санаттағы нысандарға арналған жаңа экологиялық стандарттар Алматыдағы ауа ластануын төмендетуге, экологиялық технологияларды дамытуға және шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған. Жаңа талаптар 2027 жылдың басынан бастап күшіне енеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз