USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 07:00-ден 10 маусым күні сағат 07:00-ге дейін Жетісу көшесінің Мақатаев көшесі мен №49 үй аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.

"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта жүргізушілерге арналған ескерту жол белгілері орнатылып, мердігер ұйым өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орналастырылады", – делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Айта кетейік, жол қозғалысына қатысты өзгерістер туралы ақпарат AlmatyJoly Telegram арнасы, әкімдіктің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карталар қосымшаларында жарияланып отырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау