6,5 млрд теңге: қаржы пирамидасын басқарған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Күдікті Астана қаласында World Business Consulting қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырып, басқарған.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің көмегімен экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматшасын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Тергеу мәліметінше, күдікті Астана қаласында World Business Consulting қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырып, басқарған. Аталған ұйымның бөлімшелер желісі 2018–2022 жылдар аралығында Қазақстанның түрлі өңірлерінде жоғары табыс уәде етіп, азаматтардан заңсыз түрде 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан.

"Қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушылары бұған дейін нақты бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың қараша айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеу арқылы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз