5 тамызда педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды. Оған қатысу құны қанша

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Педагогтердің білімін бағалау емтиханы 15-19 шілде аралығында өтеді.

2025 жылғы 5-7 тамыз аралығында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 

Үміткерлер өтінішті ҰТО ресми сайтында бере алады. Ал педагогтердің білімін бағалау емтиханы 8-9 тамыз аралығында өтеді. 

Бұл тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:

педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);

педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг);

жұмыс істейтін педагогтер  екінші мүмкіндігі үшін (2025 жылы бірінші мүмкіндік – тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг). 

Педагогтерді жаңаша аттестаттау тәртібін Информбюроның арнайы түсіндірме материалынан оқи аласыздар. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз