4,5 млрд теңге: ҰҚК OrdaMed компаниясының басшылығын ұстады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Мемлекетке 4,5 млрд теңге залал келтірілген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed компаниясы басшылығының ұсталғанын хабарлады.

ҰҚК-ге қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі OrdaMed АҚ-ның заңсыз әрекеттерін әшкерелеген. Тергеу деректеріне сәйкес, компания мемлекеттік емдеу мекемелеріне 28 медициналық жабдықты жеңілдетілген шарттармен жеткізген. Аталған өнімдер құжат жүзінде "отандық тауар" ретінде көрсетіліп, сол үшін мемлекеттен арнайы преференциялар алған.

Алайда іс жүзінде бұл медициналық жабдықтар шетелден дайын күйінде импортталғаны анықталды. Заңсыз схема салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

ҰҚК мәліметінше, жүргізілген тінту барысында OrdaMed АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді. Сонымен қатар Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынды.

Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз