"Қытайға заңсыз сатылған". ШҚО-да лицензиясыз кен өндірген кәсіпкер ұсталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
1 млрд теңгелік заңсыз кен өндірісі әшкереленді.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы "Глинковское" кен орнында кәсіпкер пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жүргізуге ғана берілген. Алайда соған қарамастан, темір құрамды тау жынысы өнеркәсіптік көлемде өндіріліп, қайта өңделіп, ішкі нарыққа және Қытай Халық Республикасына сатылған.

"Заңсыз жұмыстар барысында ауыр арнайы техника қолданылып, бұл қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, жер бедерінің бұзылуына және топырақтың тозуына себеп болған. Тергеу дерегіне сәйкес, заңсыз өндірілген кен көлемі 70 мың тоннадан асқан, ал қылмыстық табыс 1 млрд теңгеден көп", – делінген хабарламада.

Аталған қаражатқа күдіктілер бизнес-орталық, Алматыдағы пәтер, Range Rover автокөлігі, екі автотұрақ орны мен екі жер телімін сатып алған. Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салынды.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз