Тікелей эфир

Несие карталарын қалай таңдау керек: қазақстандық банктердің өнімдеріне шолу

Несие карталарының шарттарын салыстырыңыз: банктер әр түрлі өнімдер ұсынады, олардың бәрі бірдей сізге қолайлы емес.

Қазақстанда соңғы жылдары несие карталары кеңінен тарала бастаған соң банктер халықтың сұранысын орындауға көшті. Informburo.kz нарықтағы барлық ұсыныстарды жинақтап, өнімнің қайсыбірін таңдамас бұрын оларды салыстыруды ұсынады.

Altyn bank

Altyn bank өз клиенттеріне несие карталарының үш нұсқасын ұсынады: Nomad Club, Smart City, Free Card.

Nomad Club

  • Несие лимиті – 3 000 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 2 айға дейін.
  • Ақшаны алғаны үшін комиссия – 3%, картамен төлем жасау – пайызсыз.
  • Пайыздық мөлшерлеме жекелей есептеледі – 28%-36 % дейін. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 31,8%-42,5 %.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыз сомасынан 5%, кемі 2000 теңге.
  • Одан кейінгі жылдық қызмет көрсету ақысы – 3900 теңге.
  • Бонустар несие карталарымен төлем жасауда Nomad балымен есептеледі, Air Astana сату кеңселерінде немесе www.airastana.com. сайтында төлем жасау кезінде әр 200 теңгеге 1 балл, POS-терминалдар мен интернетте төлем жасау кезінде әр 400 теңгеге 1 балдан.

Smart city

  • Несие лимиті – жалақыға байланысты дербес есепетеледі.
  • Жеңілдік кезеңі – екі айға дейін
  • Ақша алғаны үшін комиссия – кемі 500 теңге немесе 3%. Қызмет ақысы – тегін.
  • Пайыздық мөлшерлеме жекелей есептеледі – 19%-33% дейін. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 20,7%-38,4%.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыздың 5% немесе кемі 2000 теңге.
  • Одан кейінгі жылдық қызмет көрсету ақысы – 3900 тг.

Free Card

Несие лимиті – жалақыға байланысты дербес есептеледі.

Жеңілдік кезеңі – жоқ. Несиені төлеу әр айдың 30 дейін.

Ақшаны алғаны үшін комиссия – 0 %, алайда заемдарға пайыз бірден есептеледі.

Пайыздық мөлшерлеме жекелей есептеледі – 28%-36% дейін. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 31,8%-42,5%.

Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыздың 5% немесе кемі 2000 теңге.

Бонустар – тегін жылдық қызмет көрсету.

Одан кейінгі жылдық қызмет көрсету ақысы – 3900 тг.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Қарыз иелерінің жауапкершілігін арттыру ұсынылды

Kaspi bank

Kaspi red картасын несие картасы деп атау қиын, бұл клубтық карта. Сіз одан ақша ала алмайсыз, алайда онымен мына жерде тізімі көрсетілген серіктес-дүкендерде есеп айырыса аласыз.

  • Несие лимиті – Kaspi Red клубының әр қатысушысына 50, 100 немесе 150 мың теңге көлеміндегі сатып алуға лимит қаралған.
  • Бөлеп төлеу кезеңі – үш айға дейін, шотты төлеуде әр мерзімін өткізіп алғаны үшін – 2000 теңге.
  • Бонустар – клуб қатысушыларына әр сатып алуларға бонустар беріледі. Кез келген сатып алудан – 1%, 1 млн теңгеден астам депозиті болса – 2%, акциялар бойынша – 5% және одан көп.
  • Жылдық қызмет көрсету ақысы – бірінші жыл тегін, 2 жыл және одан әрі клубқа қатысу 50 000 теңге лимитке – 5995 теңге, 100 000 теңге лимитке – 10 995 теңге, 150 000 теңге лимитке – 13 995 теңге.

KASSA NOVA bank

Несие картасы

  • Несие лимиті – 3 000 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезең – 50 күнге дейін.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 24%-30%.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыз сомасынан 1%.
  • Жылдық қызмет көрсету – тегін.
  • Бонустар – серіктестер клубында 15% дейін жеңілдіктер.

Депозитке арналған несие картасы

  • Несие лимиті – жинақ бойынша төмендетілмейтін қалдықтан 85% дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 50 күнге дейін.
  • Сыйақы мөлшерлемесі – 2% бастап.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыз сомасынан 1%.
  • Жылдық қызмет көрсету – тегін.
  • Бонустар – серіктестер клубында 15% дейін жеңілдіктер. Валюталық депозитте теңгемен несие картасын рәсімдеу мүмкіндігі.

Centercredit bank

Centercredit банкінің несие картасы.

  • Несие лимиті – дербес есептеледі.
  • Жеңілдік кезеңі – 50 күнге дейін.
  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 25%-29%.
  • Қарызды уақытылы төлемегені үшін өсімақы: күніне 0,5%.
  • Қолма қол ақшаны алғаны үшін комиссия – 2,5%.
  • Жылдық қызмет көрсету – VISA Gold/MasterCard Gold – 0 теңге, VISA Platinum/ MasterCard Platinum – 40 000 теңге, Visa Infinite – 60 000 теңге (шотқа бірінші түскенде комиссия есептеледі)
  • Бонустар – Интернет және терминалдар (билетоматтар) арқылы комиссиясыз ТЖ-билеттерін сатып алу.

Евразийский банк

PayDa бөліп төлеу картасы – әлемнің барлық дүкендерінде, соның ішінде интернет-дүкендерде бөліп төлеулермен кез келген сатып алуды ұсынады.

  • Несие лимиті – 1 000 000 теңгеге дейін.
  • Бөліп төлеу кезеңі – 3 ай. Егер сіз банк серіктесі емес дүкендерден сауда жасасаңыз, онда келесі айда сіздің төлеміңіз 2000 теңгеге артады. Мәселен, сіз шетелден 90 000 теңгеге теледидар сатып алдыңыз. Бұл жағдайда сізге келесі айда 30 000 + 2 000 = 32 000 теңге төлеу керек. Серіктес дүкендерде бұл комиссия алынбайды, сатып алған сомаңыздың 1/3 төлейсіз.
  • Жылдық қызмет көрсету – тегін.
  • Бонустар – кез келген сатып алуға (коммуналдық қызметтер, букмекерлік конторалар, казино және интернет банктер төлемдерін қоспағанда) бонустар есептеледі: әр жасаған саудаңыздан – 1% , 1 млн теңге депозиті бар болса әр сатып алулардан – 2% , серіктестер желісінен сауда жасау кезінде 15% дейін.

Halyk Bank

Халық банкі өз клиенттеріне таңдауға бес несие картасын ұсынады.

My!Card

  • Несие лимиті – 1 500 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 45 күнге дейін.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 32% бастап.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – 5% сомадан, алайда кемі 2000 теңге/15 АҚШ доллары/10 еуро.
  • Жылдық қызмет көрсету – бірінші жыл тегін.
  • Бонустар –Booking.com бонустары – 7%, әлемнің кез келген әуе компанияларының әуе билеттерінің ақысынан – 3% бонустар.

American Express Platinum

  • Несие лимиті – 7 500 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 60 күнге дейін.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 25,5% бастап.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – 5%, алайда кемі 2000 теңге/15 АҚШ доллары/10 еуро
  • Жылдық қызметі – 130 000 теңге (VIP клиенттерге- 0 теңге).
  • Бонустар – әуежайлардың VIP залдарына кіруге құқы. Booking.com бонустары 7%, Gold деңгейлі қосымша 2 карта

American Express® Gold Card

  • Несие лимиті – 3 000 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 60 күнге дейін.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 25,5%.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – 5%, алайда кемі 2000 теңге/15 АҚШ доллары /10 еуро.
  • Жылдық қызмет – бірінші жыл тегін.
  • Бонустар – Go бонустары және әуе бонустары.

American Express® Blue Card

  • Несие лимиті – 750 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 30 күн.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 32% бастап.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – 5% , алайда кемі 2000 теңге/15 АҚШ доллары/10 еуро.
  • Жылдық қызмет – бірінші жыл тегін.
  • Бонустар – CASHBACK операция сомасынан 5% дейін. Go бонустар және әуе бонустары, Booking.com 7% бонустары.

American Express® White Credit Card

  • Несие лимиті – 3 000 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 30 күнге дейін.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 32% бастап.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – 5% , алайда кемі 2000 теңге/15 АҚШ доллары/10 еуро.
  • Жылдық қызмет – бірінші жыл тегін.
  • Бонустар – CASHBACK операция сомасынан 1% көлемінде.

Forte Bank

Кредитная карта Platinum

  • Несие лимиті – 3 000 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 55 күнге дейін.
  • Қолма қол ақшаны алғаны үшін комиссия – 2%.
  • Жылдық тиімдісыйақы мөлшерлемесі – 28,12%
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – пайдаланылған сомадан 1% + сыйақы, кемі 2 000 теңге.
  • Жылдық қызмет көрсету – тегін.
  • Бонустар – CashBack 4 айға дейін бөліп төлеу, CashBack 15% дейін.

Homecredit Bank

Homecredit Bank несие картасының үш түрлі нұсқасын ұсынады.

"Дос"несие картасы

  • Несие лимиті – дербес есептеледі.
  • Жеңілдік кезеңі – 62 күнге дейін.
  • Қолма қол ақшаны алғаны үшін комиссия – жоқ.
  • Бөліп төлеу – 12 айға дейін.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 46,8%
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыз сомасынан 6%, алайда кемі 3 000 теңге.
  • Жылдық қызмет – тегін.
  • Бонустар – CashBack 10% дейін.

Тиімді несие картасы

  • Несие лимиті – 500 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 62 күнге дейін.
  • Қолма қол ақшаны алғаны үшін комиссия – жоқ.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 0,12% бастап 46,78% дейін
  • Жылдық қызмет – тегін.

Шартты бөліп төлеумен несие картасы

  • Несие лимиті – 1 000 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 62 күнге дейін.
  • Бөліп төлеу – 5 немесе 12 ай.
  • Қолма қол ақшаны алғаны үшін комиссия – жоқ.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 0,12% бастап 46,78% дейін
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыз сомасынан 6%, кемі 3000 теңге.
  • Жылдық қызмет – тегін.

Сбербанк

Сбербанк несие картасы

  • Несие лимиті – 2 500 000 теңгеге дейін.
  • Жеңілдік кезеңі – 50 күнге дейін.
  • Қолма қол ақшаны алғаны үшін комиссия – жоқ.
  • Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 20,6% бастап.
  • Ең төменгі өтемақы сомасы – қарыздан 5% + несие лимитінің пайдаланған сомасына есептелген сыйақы.

ВТБ Банк

ВТБ банк несие картасы

Несие лимиті – 2 000 000 теңгеге дейін.

Жеңілдік кезеңі – екі айға дейін.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 26,82% бастап.

Ең төменгі өтемақы сомасы – негізгі қарыз қалдығынан 5% + банк пайыздары.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Серіктестер жаңалықтары