Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 11 мамыр хронологиясы. 1 адам көз жұмды, 133 адам жазылды, 117 науқас тіркелді

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің фотосы
Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің фотосы
Іnformburo.kz алпысыншы күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 59 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

22.35. Коронавирус жұқтырғандар саны – 5 207

  • Алматы – 1 593;
  • Нұр-Сұлтан – 1 098;
  • Атырау облысы – 323;
  • Батыс Қазақстан облысы – 254;
  • Шымкент – 239;
  • Қызылорда облысы – 230;
  • Қарағанды облысы – 196;
  • Алматы облысы – 183;
  • Түркістан облысы – 186;
  • Жамбыл облысы – 182;
  • Ақтөбе облысы – 176;
  • Павлодар облысы – 154;
  • Маңғыстау облысы – 129;
  • Ақмола облысы – 110;
  • Қостанай облысы – 66;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 51:
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 36.

Жазылғандардың жалпы саны – 2 074.

Көз жұмғандар – 32.

23.04 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(11.05.2020ж. сағат 22:35-тегі мәлімет бойынша)

Вирусты жұқтырған азаматша 1933 жылғы Қарағанды қаласының тұрғыны, пациент №1 көп бейінді қалалық ауруханада тіркелген. ЖРА диагнозы қойылғандықтан коронавирус инфекциясына күдіктің болуына байланысты 8 мамыр күні "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасы арқылы анализ алынған. ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациентте Covid-19 анықталды.

2020 жылғы 11 мамырдағы ахуал бойынша облыста вирус жұқтырған 197 адам анықталды, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 99 науқас жазылып шыққан.

23.00 – Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(11.05.2020 жылғы сағат 22:35-тегі мәлімет бойынша)

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының 1 тұрғынына Covid-19 диагнозы қойылды. Ол 1992 жылғы ер азамат, қауіпті індетті жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандықтан медициналық бақылауға алынған. Қазіргі таңда науқас облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

11.05.2020 жылғы жағдай бойынша Ақтөбе облысында Covid-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 176 адам тіркелген.

22.35 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 47 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 15, Атырау облысында – 21, Ақтөбе облысында - 1, Қостанай облысында- 4, Түркістан облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында - 2.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 207 адам анықталды.




21.25 – Коронавирус жұқтырған 54 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда - 2,
  • Алматыда - 38,
  • Алматы облысында - 5,
  • Қарағанды облысында - 3,
  • Жамбыл облысында - 1,
  • Түркістан облысында - 2,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1,
  • Маңғыстау облысында - 1,
  • Қостанай облысында - 1.

Бүгін сағат 20.00 дейін елімізде жалпы 2 074 адам үйіне шықты.


18.35 – Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(11.05.2020 ж. сағат 17:40-тағы мәлімет бойынша)
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша 2019 жылғы балаға коронавирус диагнозы қойылды. 9 мамырдан бастап баланың дене температурасы 38 градусты көрсетіп, іш өту белгілері болған. Ертесіне жедел жәрдем ауруханасының стационарына барғасын сынама алынады, ПТР зертханалық зерттеу нәтижесі Covid-19 диагнозын анықтады.
Қазіргі таңда бала облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емдік шаралар жасалып жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазірге дейін Ақтөбе облысында Covid-19 инфекциясын жұқтырған барлығы 175 адам тіркелген.

18.23 – Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді.
(11.05.2020 ж. сағат 17:40-тағы мәлімет бойынша)

Covid-19 инфекциясы Өзбекстанмен шекарада орналасқан кеден бекетінен өту барысында Төлеби ауданының 1961 және 1992 жылғы тұрғындарын скринингтік зерттеу нәтижесінде анықталды. Екі азамат та - ауыр жүк көлігінің жүргізушілері. Сонымен қатар, науқастармен байланыстағы азаматтарды тексеру барысында инфекция Шымкент қаласының 2008 жылы туған тұрғынынан анықталды. Қазіргі таңда аталған науқастармен жақын байланыстағы азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Науқастар оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Жағдайлары қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 183-ке жетті.

18.15 – Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді.
(11.05.2020 жылғы сағат 17:40-тағы мәлімет бойынша)
Вирусты жұқтырғандар 1964 жылғы азаматша және 2001, 1991, 1984, 1973, 1965 жылы туған ер азаматтар. Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен Covid-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 239 адам анықталды.

17.55 – Шымкент қаласында коронавирус жұқтырып, көз жұмған азаматша туралы ақпарат
1955 жылғы азаматша - Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны. Ол 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.
Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы Covid-19 теріс нәтиже берген.
6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылған. Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, Covid-19 диагнозы нақтыланды.

Науқастың қосалқы аурулары: өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, III дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.
Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандар бірнеше рет кеңес өткізген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, науқас 11 мамыр күні сағат 11:55-те қайтыс болды.
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

17.40 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында– 9, Шымкент қаласында – 6, Түркістан облысында – 3, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3.
Коронавирус инфекциясының жұқтырған Шымкент қаласынының 1955 жылғы тұрғыны көз жұмды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 160 адам анықталды.

17.25 – Қазақстанда тағы 79 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 10,
  • Шымкентте – 5,
  • Жамбыл облысында – 7,
  • Батыс Қазақстан облысында – 5,
  • Павлодар облысында – 19,
  • Атырау облысында – 8,
  • Түркістан облысында – 11,
  • Қостанай облысында – 1,
  • Ақмола облысында – 1,
  • Алматы облысында – 12.

Елімізде барлығы 2 020 адамCovid-19-дан емделіп, сауығып шықты.


15.47 – Азаматтарға ел ішінде әуе қатынасымен қозғалу мүмкіндігі кеңейтілуде.

"1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан Өскемен, Семей, Павлодар, Қызылорда және Петропавл қалалары арасында әуе рейстері қалпына келтірілген еді. Бүгіннен, яғни 11 мамырдан бастап әуе қатынасы еліміздің тағы 7 қаласына ‒ Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз, Талдықорған қалаларына ашылады", — деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

15.31 – 3,3 млн оқушыны және ЖОО-лар мен колледждердің 1 млн студентін қашықтан оқыту оқу жылының соңына дейін жалғасады.

"Аттестаттарды табыстау мен соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық алаңда, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, шектеулі адамдар санымен өткізіледі, ҰБТ-ны 20 маусымнан бастап қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып, штаттық режимде өткізу жоспарланған", — деді Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов.

Азаматтарға ел ішінде әуе қатынасымен қозғалу мүмкіндігі кеңейтілуде
"1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан Өскемен, Семей, Павлодар, Қызылорда және Петропавл қалалары арасында әуе рейстері қалпына келтірілген еді. Бүгіннен, яғни 11 мамырдан бастап әуе қатынасы еліміздің тағы 7 қаласына ‒ Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз, Талдықорған қалаларына ашылады", — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

15.25 – Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен – Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталды, дегенмен кейбір өңірлерде қатаң карантин шаралары сақталады.
Бұл туралы еліміздегі коронавирус инфекциясына қатысты жағдай бойынша өткен брифингте ҚР Вице-премьері Ералы Тоғжанов хабарлады.

"Жеңілдік шараларынан келесі шешімдер қабылданды — 11 мамырда ауданы 2 мың ш. м. дейінгі азық-түліктік емес дүкендер, сұлулық салондары, балаларды дамыту орталықтары жұмысқа кіріседі. Саябақтар мен скверлерде серуендеуге рұқсат етіледі. Ірі ойын-сауық саябақтарында ойын-сауық қызметіне әзірге рұқсат берілмейді", — деді брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

12.52 – Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(11.05.2020 жылғы сағат 12:35-тегі мәлімет бойынша)
Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғынында Covid-19 індеті анықталды, ол 1966 жылғы азаматша. Науқас короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуы мүмкін.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен Covid-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 129 адам анықталды.

12.45 – "Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Iндет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады" – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.

12.40 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді.
(11.05.2020ж. сағат 12:35-тегі мәлімет бойынша)
Вирусты жұқтырғандардың екеуі Теміртау қаласының тұрғындары — 1991 жылы туған ер адам, 1964 жылғы әйел адам. Олар Теміртау қаласында карантин госпиталінде болған. Ал 2 адам Қарағанды қаласының тұрғындары, 1963, 1980 жылы туған ер адамдар. Бесіншісі 2014 жылғы бала Ақтау кентінен, барлығы карантин госпиталінде болған. ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациенттерде Covid-19 анықталды.
2020 жылдың 11 мамырындағы ахуал бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 196 адам анықталды, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 96 науқас жазылып шыққан.

Оқи отырыңыз: Карантиннен кейін жұмыссыз қалмаймыз ба? Әлеуметтік зерттеу

12.35 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам тіркелді, оның ішінде:

  • Алматы – 3;
  • Қарағанды облысы – 5;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 2.


Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 5 138 адам анықталды.



11.51 – Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам тіркелді.
(11.05.2020 жылғы сағат 09:25-тегі мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырғандар Бейнеу ауданының 1993, 2003, 2019 жылғы ер азаматтары және 1967, 1990, 1994 жылғы азаматшалары өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Сонымен қатар Бейнеу ауданының тұрғындары 1984 жылғы ер азамат және 1983 жылғы азаматшадан скрининг шеңберінде Covid-19 індеті анықталды. Барлық науқастар белсенді түрде анықталды. 8 науқастың алтауы бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған, екеуі скрининг шеңберінде анықталды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 128 адам анықталды.

11.48 – Ақтөбе облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Шектеу уақытында (оның ішінде карантин кезінде) Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласында кәсіпкерлік нысандарының жұмысын қайта бастау туралы" қаулысы жарияланды. Оны мына жерден оқуға болады.

Оқи отырыңыз: Социогенограмма. Тектің адамның бүгінгі өміріне әсері туралы

11.09 – Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(11.05.2020 ж. сағат 09:25-тегі мәлімет бойынша)

Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды. 2001 жылғы ер адам коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына орай ауруханаға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Covid-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем шаралары жүргізіледі. Науқаспен байланысқан адамдар анықталып жатыр. Ошақтарда зарарсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Қазіргі кезде эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық көлемі жүргізіліп жатыр.

Қазіргі жағдай бойынша облыста Covid-19 инфекциясын жұқтырған 62 адам анықталды.

10.51 – Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге өтеу туралы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 9 мамырдан бастап карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сол бойынша белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген.
Атап айтқанда:

- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Бұдан басқа, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау бойынша мүмкіндік берілді.

10.35 – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.
(11.05.2020 ж. сағат 09:25-тегі жағдай бойынша)

Вирусты жұқтырғандар - Қазақстанның 1997 және 2001 жылы туған азаматтары. Олар Ресейдің Түмен қаласынна Мамлют ауданының Жаңа-жол бекеті арқылы СҚО-ға келген. Келген соң, Мамлютка қаласының карантиндік стационарына оқшауланды. Зертханалық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін вирусты жұқтырғандар "Бірінші қалалық аурухана" ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөлімшесіне жеткізілді. Клиникалық белгілері жоқ. Байланыстағы адамдардың саны анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Қазіргі жағдай бойынша СҚО аумағында 36 Covid-19 жағдайы тіркелген, оның ішінде жұқтырған бір адам - Көкшетау қаласынан.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңге. Екінші айда әлеуметтік төлемді 16 сәуірге дейін өтініш бергендер алады

10.27 – Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді.
(11.05.2020 ж. сағат 09:25-тегі мәлімет бойынша)
Зертханалық зерттеу барысында Целиноград ауданында 1979 жылғы әйел адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Тізбек бойынша вирус Нұр-Сұлтанда өнеркәсіптік кәсіпорында жұмыс істейтін адамнан тараған. Осыған дейін провизорлық стационарда жатқан, енді Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде емделетін болады.
Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық тергеу бойынша ауру ошақтары мен байланыс орнатқан адамдарға қатысты эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Вирусты жұқтыруы ықтимал адамдарды анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғасады.
Облыс стационарларында 395 науқас жатыр, оның ішінде:

  • провизорлық стационарда – 30;
  • карантиндік стационарда – 348;
  • жұқпалы аурулар стационарында – 17.

564 адам үй карантині талаптарын сақтап отыр. Қазіргі таңда облыста вирусты жұқтырған 110 адам тіркелген, олардың 97-сі Целиноград ауданында, қалғандары Көкшетау қаласы, Аршалы, Шортанды, Егіндікөл және Ақкөл аудандарында тіркелген. Жазылып шыққандар саны – 90.

09.45 – Коронавирус жұқтырған 36 адам тіркелді:

  • Алматы – 10;
  • Маңғыстау облысы – 8;
  • Нұр-Сұлтан – 8;
  • Батыс Қазақстан облысы – 3;
  • Атырау облысы – 3;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2;
  • Ақмола облысы – 1;
  • Қостанай облысы – 1.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған барлығы 5 126 адам анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары