Пәтерді брондағанда нені ескеру керек?

Құрылыс салушы нарықтағы баға өзгерсе брондау шартын бұза алады.

Informburo тұрғын үй құрылысын салушыдан пәтерді қалай брондау керек екенін, мұның қанша тұратынын және екі тараптың қандай міндеттері бар екенін түсіндіреді.

Gulder тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алушылармен резервтеу шарты қалай бұзылды

2020 жылы Gulder тұрғын үй кешенінде пәтерлерді брондауға шарт жасасқан және пәтер құнынан 2 млн теңге төлеген BI Group компаниясының клиенттері құрылыс салушының бір жақты тәртіппен осы шарттарды бұзғанын және бір шаршы метрдің құнын бірден 100 мың теңгеге көтергенін хабарлаған болатын. BI Group бұл әрекетті құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты деп түсіндіріп, пәтерлерді сатып алушылармен резервтеу шартын бұзды.

Жағдайды шешу үшін компания клиенттерге екі опцияны ұсынды:

  • салынған қаражатты сыйақымен қайтару;
  • келесі кезектерге брондау немесе компанияның басқа тұрғын үй кешендерін таңдау.

Резерв жасау үшін кепілді төлем 2 млн теңгеден басталады. Осы орайда сыйақы банк депозитінің орташа мөлшерлемесі мен резерв келісімшартының жасалған уақытына қарай кепіл қаражаты сомасының жылдық 10 пайызы көлемінде есептеледі.

Кепілді төлем шартты бұзу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін 5 күн ішінде төленеді. Кімге нақты қанша ақша төленетіні сату бөлімінде арнайы калькулятормен есептеледі.

Компания клиенттері бұл опциялар үлескерлердің шығындарын өтемейді деп есептейді. Олардың сөзінше, сыйақы сомасы пәтер үшін 100-ден 300 мың теңгеге дейін, ал тұрғын үйдің шаршы метрі осы уақыт ішінде 100 мың теңгеге қымбаттаған.

Заңгерлер де нарықтағы баға күрт өзгерсе және бұл пункт шартта көрсетілсе құрылыс салушылар шартты бұзуға құқылы екенін айтады. Егер шартты екінші тарап – клиенттер бұзса, онда пәтер алуға салған ақша компанияның еншісінде қалады, яғни клиенттерге қайтарылмайды.


Оқи отырыңыз: Резерв шарты бұзылған Gulder 3-1 сатып алушылары кепіл сомасының жылдық 10 пайызы көлемінде сыйақы алады


Пәтерді брондау деген не?

Жылжымайтын мүлікті брондау – бұл сатып алушыға ұнаған баспананы белгіленген құны бойынша қысқа мерзімге, әдетте 15 жұмыс күнінен аспайтын уақытқа бекіту.

Бұл қызмет қандай да бір себептермен нысанның толық құнын бірден төлеу мүмкін болмағандарға тиімдірек. Тұрғын үйді салушы пәтер бағасының төмендегені немесе тиімді акция туралы хабарлаған сәттен бастап пәтерді брондап қоюға болады. 

Брондау қағидасы мынадай: 

Пәтерді сатып алушы өзара жасаған шартқа сәйкес белгілі бір соманы құрылыс салушыға береді. Мәміле жасалғаннан кейін ақша клиентке қайтарылады. Егер шарт болмай қалса онда ақша тұрғын үйді салушының қалтасында қалады.

Krisha.kz нарыққа мониторинг жасағанда мынаны анықтаған: көптеген ірі құрылыс салушылардың бронь бағасы бекітілген және ол 250 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. 

Көбінесе мөлшерлеме күту мерзіміне байланысты:

Ұзақ күткен сайын баға да соғұрлым жоғары болады. Кейбір жеке компаниялар әр үш күн сайын 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін ақы алады. Ал төлем нысанның жалпы құнының 3 пайызына дейін болуы мүмкін.

Тегін брондау бірнеше сағатқа ғана ұсынылады. Өтінімді қарау туралы құжатпен расталатын ипотекалық бронь болса тегін брондау 10 жұмыс күніне дейін жарамды болады.

Сондай-ақ нарықта Trade in секілді айырбастау бағдарламалары бар. Мамандар нысандар мен басқа да процедураларды бағалап жатқан кезде пәтерді резервтеуге ақы төленбейді.

Брондау құны үй-жайдың түріне байланысты. Мысалы, коммерциялық алаң үшін брондау қызметі қымбатырақ болуы мүмкін (үш күнге 50 000 теңгеден бастап), ал автотұрақ үшін  арзанырақ (үш күнге орташа есеппен 15 000 теңге).

Брондау шарты қандай болуы керек?

Әдетте, әрбір құрылыс компаниясында брондаудың өзіндік шарттары және сәйкесінше келісімшарт нысаны болады.

Онда көсетілуге міндетті пунктілер:

– шарттың мәні;

– қолданылу мерзімі;

– тараптардың жауапкершілігі;

– жарна мөлшері және оны қайтару шарттары;

– нысанның ақырғы құны мен есептеу әдісі;

– тараптардың реквизиттері.

Құжатқа қол қоймас бұрын әр пункті мұқият оқып шығу керек. Сұрақтар болса заңгермен кеңескен дұрыс.


Оқи отырыңыз: Пәтер таңдауда неге мән беру қажет?


Ипотека арқылы тұрғын үй сатып алу үшін қадамдық нұсқаулар

1-қадам. Тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алушы құрылыс салушылардан бастапқы нарықтағы тұрғын үйді табуы қажет. Үйді салушымен келісіп, ұнаған пәтерді брондау керек.

2-қадам. Сатып алынатын тұрғын үйді тәуелсіз бағалаушы арқылы бағалау және бағалаушыдан бағалау актісін алу қажет.

3-қадам. Ипотекалық бағдарламаларға қатысатын банктердің біріне хабарласып, несие алуға өтініш жазып, барлық қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Банк қарыз алушының барлық құжаттарының бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және ипотекалық кредитті беруді мақұлдайды (не мақұлдамайды). Егер ипотека мақұлданса, қарыз алушы банктен кепілдік хат алады және құрылыс салушыға береді. Банктің шешімі және келісімі бойынша қарыз алушы банкке немесе құрылыс салушыға бастапқы жарнаны береді.

4-қадам. Одан әрі құрылыс салушымен сатып алу-сату шартын жасау қажет. Шартты нотариуспен куәландырып, ХҚКО немесе нотариус арқылы eGov порталында тіркеу қажет. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке ұсыну керек.

5-қадам. Бұдан әрі қарыз алушы банкте: қарыз шартына, төлем кестесіне, сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартына қол қояды. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартын банк электрондық тіркеу арқылы тіркейді. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл шартын мемлекеттік тіркегеннен кейін банк сатушыға қажетті соманы аударады. Барлық процедура біткен соң құрылыс салушы тұрғын үйдің кілтін қарыз алушыға береді. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары