Әлбетте, ең бірінші кезекте пәтердің құжаттарының түгел және дұрыс екенін тексеру қажет. Жаңа үйлердің жөні белгілі, ал бұрын қолданыста болған пәтерді сатып алар болсаңыз, үйдің келесі құжаттарын тексерген абзал:
- Үйдің сату-сатып алу шарты;
- Сыйға тарту шарты;
- Айырбас шарты;
- Жекешелендіру шарты;
- Мұрагерлік құқық туралы куәлік;
- Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;
- Жылжымайтын мүлік құқығының тіркелгені жөнінде құжаттар (оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады);
- Коммуналдық төлем бойынша қарыздың жоқтығын растайтын түбіртек;
- Жер телімі туралы акт (жер үй болған жағдайда).
Екінші кезекте тұрғын үй каркасының қандай материалдан жасалғанына мән берген дұрыс. Негізінен, көпқабатты тұрғын үйлердің үш түрі бар:
- Монолитті-каркас үйлер. Олардың жер сілкінісіне төтеп беруі жоғары. Дегенмен үйді қайта жоспарлау мәселесінде қиындық тудырады.
- Панельді үйлер. Бағасы арзан. Алайда, үйдің жылу жүйесінде проблемалар болуы мүмкін және үй қабырғасы жұқа болғандықтан, дыбыс өткізгіштігі жоғары.
- Кірпіш үйлер. Жер сілкінісіне төтеп беруі төмен. Мұндай үйлер жылы әрі жоғарыда аталған үйлермен салыстырғанда тынышырақ болады.
- Пәтерді қарауға күндіз барған абзал. Бұл кезде бөлмелерге күн сәулесінің қалай түсетінін және олардың қаншалықты жарық болатынын байқайсыз. Қараңғы уақытта аңғарыла қоймайтын кемшіліктер де күндіз анық көрінеді.
- Пәтерді бірінші не соңғы қабаттардан алмауға тырысқан жөн. Көп тұрғын үйде бірінші қабат тұрғындары сыз бен ұрылар, ал соңғы қабат тұрғындары шатырдан су ағу мәселесіне кезігеді.
- Бір подъездтегі пәтер саны 4-тен аспағаны абзал. Бұл тазалық пен тыныштықтың кепілі.
- Пәтердің жылу жүйесіне мән беру қажет. Тот басқан құбырлар жүйедегі ақаулардан хабар береді.
- Бөлмелердің, әсіресе, ас үй мен жуыну бөлмесінің қабырғалары мен төбесінің сыздануына назар аударған жөн.
- Пәтер таңдау кезінде үй иесі рұқсат етсе, фото және бейнетүсірілім жасаған дұрыс. Бұл бірнеше пәтерді салыстыру кезінде пайдасын береді.
- Пәтер орналасқан үй туралы ғаламтордан және әлеуметтік желілерден алдын ала ақпарат жинап, зерттеу жасаған абзал. Әдетте, тұрғын үй атауына сәйкес хэштегпен мұндай ақпаратты оңай табуға болады.
- Тұрғын үйдің құжаттары көп рет түзетілген болса, ойланған жөн. Бланкілер мен қойылған мөрдің дұрыстығына назар аудару қажет.
- Үйдің қожайыны құқық белгілейтін құжаттарды бермеген жағдайда күдіктенуге болады. Себебі, құжаттың дубликаты жылжымайтын мүліктің қандай да бір проблемасы бар екенінен хабар береді.
- Аз уақыт ішінде пәтерді бірнеше адам сатып алып, қайта сатқан болса, ойланыңыз. Жақсы пәтер жиі сатылымға шығарылмайды
- Иесі үйді сенімхат арқылы сататынын айтса, тексерген абзал. Себебі, сенімхат арқылы сатушылар арасында алаяқтар жиі кездеседі.
- Жылжымайтын мүлік үй иесіне мұрагерлік жолмен берілген жағдайда да құжаттарды мұқият тексеру керек.
- Пәтер орналасқан тұрғын үй кешенінің құлау, қирау қаупі жоғары болған жағдайда, пәтерден бас тартқан жөн.