Сыйақының нақты сомасын есептеуде банк депозитінің орташа мөлшерлемесі мен резервтеу келісімшартының жасалған уақыты есепке алынады.
BI Group компаниясы құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты Алматыдағы Gulder 3-1 тұрғын үйі пәтерлерін сатып алуышлармен резервтеу келісімшартын бұзған болатын. Информбюро сауалына жауап берген сату бөлімінің директоры Тимур Шаржау сатып алушыларға қаржысы мен сыйақы қалай төленетінін түсіндірді.
Оның айтуынша, резерв жасау үшін кепілді төлем 2 млн теңгеден басталады. Осы орайда сыйақы банк депозитінің орташа мөлшерлемесі мен резерв келісімшартының жасалған уақытына қарай кепіл қаражаты сомасының жылдық 10 пайызы көлемінде есептеледі.
"Кепілді төлем шартты бұзу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін 5 күн ішінде төленеді. Бұл үшін салымшылар Алматы қаласында Гагарин, 241 мекенжайы бойынша орналасқан сату бөліміне келуі қажет. Кімге нақты қанша ақша төленетіні арнайы калькулятормен есептеледі", – деп жауап берді сату бөлімінің директоры Тимур Шаржау.
Бұл ретте әрбір сатып алушымен әңгімелесуге ол өзі жеке қатысып, туындаған сұрақтарға жауап береді.
Gulder 3-1 кезегіндегі пәтерлердің қанша пайыз қымбаттайтыны әзірге белгісіз. 2 апта ішінде өзіндік құны есептелген соң, жаңа бағалар жарияланады. Салымшылардың сонымен бірге Gulder 4-1 кезегіне көшу мүмкіндігі де бар.
Еске салайық, BI Group құрылыс компаниясы Алматы қаласында Gulder 3-1 тұрғын үй кешеніне резерв жасау келісімшартын бұзды. Компания мұны құрылыс материалдарының қымбаттауымен байланысты деп түсіндірді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
275
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
252
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
235
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
240
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
236
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
238
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
231
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
228
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
222
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
225
-
0
-
0
-