Астролог Юлия Кацманның болжамына сүйенсек, алдағы жыл – өмірлік мақсаттарды айқындайтын, табандылар мен адал жандардың бағы жанатын ерекше кезең болмақ. 2026 жылдың басты астрологиялық драйвері – Юпитер планетасының қозғалысы. Астрологияда молшылық пен кеңеюдің символы саналатын бұл планета жылдың екі жартысын екі түрлі сипатқа бөледі.
Жылдың негізгі астрологиялық тенденциялары
Юпитердің ықпалы: Кімдердің жолы болады?
Тамыз айына дейін: Юпитер су белгілерінде болады. Бұл уақыт аралығында Шаян, Сарышаян және Балықтардың тасы өрге домалайды. Ішкі түйсік пен сезімге сүйенген істер сәтті аяқталады.
Тамыздан бастап: Планета Арыстан белгісіне ауысады. Осы сәттен бастап от белгісі өкілдері – Арыстан, Мерген және Тоқтылардың дәуірі басталады. Бұл – көшбасшылық қасиетті көрсетуге, мансапты өсіруге және шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға таптырмас уақыт.
Сақтық шаралары: Тұтылу күндері
Жылдың ең маңызды әрі қауіпті нүктелері – 17 ақпан және 12 тамыз.
- Алыс сапарлар мен әуе рейстерін кейінге қалдырған абзал.
- Тағдыршешті шешімдер қабылдаудан және ірі келісімшарттардан қашқан жөн.
Бұл уақытты рухани ізденіске, медитацияға және ішкі тыныштықты сақтауға арнау ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Қазалы 2025: Қазақ халқы биыл кімдермен мәңгіге қоштасты?
Жұлдыз белгілеріне арналған нұсқаулық
- Тоқты: Жылдың алғашқы жартысында үй жайыңызды реттеп алсаңыз, екінші жартысында махаббат пен жеке бақытқа кенелесіз.
- Торпақ: Тамызға дейін жаңа таныстар мен қысқа сапарлар қуантады. Содан кейін баспана мәселесін шешуге мүмкіндік туады.
- Егіздер: Қаржылық табыс күтіп тұр. Жылдың екінші жартысы іскерлік байланыстар мен пайдалы келіссөздерге толы болады.
- Шаян: Тамызға дейін кез келген бастамаңыз жеміс береді. Одан кейін сол еңбектің қаржылық қайтарымын көресіз.
- Арыстан: Жылдың басында денсаулыққа күтім жасап, энергия жинаңыз. Тамыздан бастап тағдыр сізге барлық есікті айқара ашады.
- Бикеш: Әлеуметтік ортада беделіңіз артатын кезең. Жыл соңына қарай денсаулығыңызды басты назарда ұстаңыз.
- Сарышаян: Білім алу мен шетелдік жобалар үшін сәтті жыл. Күз айларында қызметіңіз өсуі мүмкін.
- Мерген: Материалдық мәселелер мен мұра істері оң шешіледі. Тамыздан кейін халықаралық ынтымақтастыққа жол ашылады.
- Тауешкі: Жеке өмір мен серіктестікте үйлесім орнайды. Күзден бастап қосымша табыс көздері пайда болады.
- Суқұйғыш: Еңбекқорлығыңыз ақталатын жыл. Екінші жартыжылдықта отбасын құруға немесе серіктестікті нығайтуға сәт туады.
- Балықтар: Балалар мен махаббат саласында қуаныш көп болады. Кейін кәсіби биіктерді бағындырасыз.
Қазақстанның әлемдік аренадағы орны
Астрологиялық болжам бойынша, Қазақстанның халықаралық беделі нығая түспек. Ел дипломатиялық жеңістерге жетіп, сыртқы байланыстарын кеңейтеді. Ең жағымды жаңалықтың бірі – Еуроодақ елдеріне виза алу жеңілдеп, құжат рәсімдеу процесі айтарлықтай оңтайлануы мүмкін.
Мерекені қарсы алу: Дәстүр мен жоралғы
Түстер мен стиль
Жыл иесі – Жылқыны риза ету үшін алтын түстес, сары, алқызыл, бордо немесе қызыл түсті киім таңдаңыз. Кесек әрі жарқыраған әшекейлер сіздің сенімділігіңізді арттырып, сәттілік шақырады.
Мерекелік дастархан
Не қою керек: Жылқы сүйетін сұлы, бидай өнімдері, жас шөптер мен балғын салаттар. Ет тағамдарынан тауық, күркетауық немесе балық қойған дұрыс.
Неден тыйылу керек: Дастарханға жылқы етін қоюға қатаң тыйым салынады. Бұл жыл иесінің қаһарына ұшыратуы мүмкін деген сенім бар.
Оқи отырыңыз: 2026 жылы зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді
Жолыңызды ашатын рәсімдер
Үстелдің ортасына молшылық белгісі ретінде 8 мандаринді дөңгелетіп қойыңыз.
Үйдің ішін майшаммен аластап, ескі энергиядан тазартыңыз.
Үйге жылқы мүсінін қойсаңыз, оның басы жоғары қарап, есіктен төрге қарай "кіріп" тұрғанына мән беріңіз.
Табысқа жетудің 3 кілті
Адалдық: Жылқы текті әрі шыншыл жануар. Бұл жылы қулық пен алаяқтыққа орын жоқ. Тек адал еңбек қана жоғары бағаланады.
Тәуекел: Өміріңізді өзгертуден қорықпаңыз. Көшу, жұмыс ауыстыру немесе жаңа іс бастау бұл жылы қолдау табады.
Тілек тілеу өнері: Арманыңызды "Менде бәрі бар", "Мен бақыттымын" деп осы шақта айтып үйреніңіз. Бұл ғаламның энергиясымен үндесуге көмектеседі.
lw-3094948329-1
USD:
509.5 / 516.5
EUR:
595.0 / 605.0
RUB:
6.07 / 6.37