Тікелей эфир

Ұлытау облысында Канада университетімен бірлескен мемлекеттік ЖОО ашылады

Қазіргі таңда облыста бірде-бір мемлекеттік университет жоқ.

Ұлытау облысында канадалық университетпен бірлескен қос диплом ұсынатын мемлекеттік жоғары оқу орны ашылады. Бұл жайында аймақ әкімі Берік Әбдіғалиұлы орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

"Бізде мемлекеттік жоғары оқу орындары жоқ. Тек жекеменшік университет бар. Осыған байланысты қазір канадалық жоғары оқу орындарымен серіктестік арқылы қос диплом беру шартымен университет ашу жоспары қолға алынды. Қазір Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөз жүріп жатыр. Күзде ресми тіркелуі керек. Ендігі жылы студенттерді қабылдау бағытында жұмыс атқарамыз", – деді аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде Heriot-Watt филиалы ашылады – Үкімет қаулысының жобасы


 

Серіктестер жаңалықтары