Бастауыш мектепте асхана мен спорт алаңы жоқ.
Қызылорда облысының Арал ауданында бастауыш сынып оқушылары 40 жыл бұрын салынған балықшылар жатақханасында білім алып жатыр. Ал жоғары сынып оқушылары, тіпті, білім ордасына өзен арқылы қайықпен қатынауға мәжбүр болған, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Пантонный" көпірінен өтіп бара жатқанда мұз жарылып кете ме деп қорқамыз. Қайықпен өткен күндеріміз де болды. Мектепке жеткенше шаршап қаламыз", – деді 5-сынып оқушысы Қаһарман Айжарықұлы.
Қазір 20 оқушы мектепке алты орындық көлікпен қатынап жүр.
Оқи отырыңыз: Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы қанша?
"Балаларымыз мектепке аман-есен жеткенше уайымдаймыз. ХХІ ғасырға сәйкес білім алса екен дейміз", – дейді Ақшатау ауылының тұрғыны Динара Сабирова.
Тұрғындардың айтуынша, облысты басқарған төрт әкім де уәде беріп, 5 жыл бұрын мектептің жобалық-сметалық құжаттарын дайындаған.
"Ауданға да, облысқа да бардық. Алайда, Ақшатау халқына оң көзқарас танытып, нақты жауап берген адамды көрмедік", – деді Ақшатау ауылының тұрғыны Нұртай Әбенов.
Ал бастауыш мектепте ыстық тамақ беретін асхана мен спорт алаңы да жоқ. Ауыл әкімі жаңа мектептің жоспары өзгергенін айтады.
Назарбаев мектебінің оқушылары басқа ел азаматтығын алса, гранттан айырылады
"2023 жылы салынуы керек болатын, халық санына байланысты былтыр жобаны өзгертті. Ауданда апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы мектептер бар. Бірінші кезекте солар жөнделеді. Облыс әкімімен арада келісім бар, алда жұмысты бастап кетуге дайындалып жатырмыз", – деді Аманөткел ауылдық округінің әкімі Қайрат Әбдіраманов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
337
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
289
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
297
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
287
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
297
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
265
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
253
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
256
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
251
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
260
-
0
-
0
-