Назарбаев мектебінің оқушылары басқа ел азаматтығын алса, гранттан айырылады

Бұл талап "Өркен" білім грантын беру қағидаларына арнайы бап болып енгізілмек.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде өзге ел азаматтарының грантпен білім алуына заң жүзінде шектеу қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Өркен" білім грантын беру қағидаларының жаңа мазмұнынан белгілі болды.

Өзгертулерге сәйкес, "Өркен" білім грантын тек Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту үшін ғана беріледі. Ал грант жеңіп алған оқушы мектепте білім алу кезеңінде өзге ел азаматтығын алатын болса, онда ол гранттан да айырылады.

Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасы қоғам талқысына 23 желтоқсанға дейін ұсынылған.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз