Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан туристерді эвакуациялады

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Башут шыңында бағытынан адасқан төрт турист табылды.

Алматы тауларында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Башут шыңынан түсу кезінде адасып кеткен төрт туристі эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, туристер бағдарын жоғалтып, соқпаққа өз бетінше шыға алмаған.

"Барлық қатысушының қара киім киіп алғаны іздеу жұмыстарын қиындатты. Қараңғы уақытта оларды байқау өте қиын болды", – делінген хабарламада.

Көмекке ТЖМ Құтқару қызметінің кезекші тобы шыққан. Құтқарушылар "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына жетіп, "Шымбұлақ" өзеніне қарай бағыт алған туристерді тауып, төмен түсіріп әкелді. Барлық турист қауіпсіз жерге жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз