USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қазы, самса, лағман. Алматы 2026 жылдың басты гастробағыттарының бірі деп танылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қалада қазақ, ұйғыр, өзбек, орыс, түрік, кәріс және үнді асханасы үйлесім тапқан.

Танымал Eater басылымы "Where to Eat 2026" гастрономиялық бағыттар тізіміне биыл Алматыны да қосты. Қала Орталық Азиядағы басты гастрономиялық бағытқа айналып келеді.

Тізімді жасаушылар соңғы бірнеше жылда Алматы өңірдегі бас аспаздардың басын қосқан алғашқы Almaty Food Fest фестивалін өткізіп, өзінің алғашқы гастрономиялық гидін жарыққа шығарғанына ерекше тоқталған

Басылымның бағалауынша, кеспесі мол ет тамақ, классикалық қазы, ет қосылған самса, қуырылған бауырсақ пен лағман сынды тағамдар арқылы саяхатшылар жергілікті көшпелі халықтың дәстүрлері мен мұраларымен, сондай-ақ ұйғыр, орыс, өзбек, кәріс, түрік және үнді асханаларымен танысады. Мұндай дәстүрлі дәмдер қаладағы Көк базарда кеңінен таралса, нео-көшпелі бағыттағы заманауи мейрамханалар оларды қонақтарына заманауи үлгіде ұсынады.

"Биыл тамақтануға негізделген ең үздік саяхат бағыттарын таңдағанда, біз тек керемет мейрамханаларды ғана емес, сонымен қатар олардың аспаздарын да іздестірдік. Авторларымыз бұл тізімге өздері жақсы білетін орындарды енгізсе, бас аспаздар мен рестораторлар өздерінің көңілінен шығатын, әлемнің түкпір-түкпіріндегі дәмді ас әзірлейтін орындарды ұсынды. Қазақтың нео-көшпелі той дастарханы биыл үздіктердің бірі болды", – деп жазылған басылым материалында.

Айта кетейік, Eater – мейрамханалар мен гастрономия туралы әлемдегі ең ықпалды басылымдардың бірі. Бұл басылымның тізіміне ену Алматының халықаралық танымалдылығын арттырып, гастротуризмнің дамуына оң ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау