Орталық Азияда бірінші. Алматыға әлемге танымал кофехана бренді келеді

Фото: Atlas Capital
Фото: Atlas Capital
The Coffee Америка, Еуропа және Азияның 25-тен астам елінде жұмыс істейді.

17 қаңтарда Алматыда әлемдік The Coffee брендінің Орталық Азиядағы алғашқы кофеханасы ашылады. Бұл туралы Atlas Capital инвестициялық компаниясы хабарлады. 

The Coffee брендінің негізі 2018 жылы Бразилияда қаланса, оның тереңінде жапондардың "to go" мәдениеті жатыр. Бүгінде әлем бойынша 300-ден астам кофехана жұмыс істейді. Олар Португалия, Франция, Испания, Мексика, Чили, Таиланд, БАӘ, Канаду, Италия және басқа да, жалпы саны 25-тен астам елде ашылса, оларда 1500-ден астам адам еңбек етеді.  

Кофехана Қазақстанда Ichigo Matcha, Pure Black сынды авторлық кофе өнімдерімен қатар, эспрессо негізіндегі True White, Vanilla Latte, Flat Caramel сусындарын да ұсынбақ. 

Әлемдік брендтің Қазақстанда ашылуына ATLAS Capital басқарушы инвестициялық компаниясымен серіктестік негіз болып отыр. Бренд Қазақстан және Орталық Азияның өзге қалаларында да жаңа кофеханаларын ашуды жоспарлап отыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары