Наговицинаның қазасынан соң Қырғызстанда 6 мың метрден астам биікке шығатын альпинистер рұқсат алуға міндеттеледі

Дронмен түсірілген видеоның скрині
Дронмен түсірілген видеоның скрині
Рұқсат алған альпинистер мемлекеттік органдарда тіркелуге міндетті болады.

Қырғызстанда альпинизм саласын реттейтін жаңа заң жобасы әзірленіп, қоғам талқысына ұсынылды. Бұл туралы ел парламентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құжат альпинистердің қауіпсіздігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауды күшейтуге және тау туризмін дамытуға бағытталған. 

Жобадағы маңызды өзгерістердің бірі – енді 6 мың метрден астам биіктікке көтерілетін альпинистер енді пермит, яғни рұқсат алуға міндеттеледі. Пермит ақылы, оны беру тәртібін, ақысын және қай жерлерге жарайтынын үкімет анықтайды. Рұқсат алған альпинистер мемлекеттік органдарда тіркелуге міндетті болады. 

Сондай-ақ, енді альпинистерге қайғылы оқиғалардан медициналық сақтандыру рәсімдеуге де тура келеді. Бұл полис емдеу мен эвакуациялау ақысын қамты қажет. Сақтандыруды осы салада қызмет ететін ұлттық компаниялар жүзеге асырады. 

Еске салайық, Қырғызстанда тауда 7 мың метр биіктікте қалып қойған, кейінірек қайтыс болды деп танылған ресейлік альпинист Наталья Наговицинаның оқиғасы қоғамдық резонанс туғызды. Бірнеше мәрте жасалған құтқару операциясы еш нәтиже берген жоқ. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары