Мысыр университеті қазақстандық студенттерге грант санын 2 есе арттырды

Оқу орнының басшылығы Қазақстан тарабының наурыздағы ұсынысына орай оң шешім қабылданғанын хабарлады.

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әл-Азһар университеті жанындағы Ислам зерттеулері академиясының бас хатшысы Назир Мұхаммед Аядпен кездесіп, екі ел арасындағы тарихи-рухани байланысты нығайту туралы сөйлесті.

"Әл-Азһар университетінің шейхы, доктор Ахмет Тайып біздің ұсынысымызды қолдап, Қазақстанға бөлінетін 25 білім грантын екі есе ұлғайту туралы шешім қабылдады", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде академия бас хатшысы Назир Мұхаммед Аяд Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді. Басқосуда Нұр-Сұлтан қаласында салынатын Ислам академиясының оқыту жүйесі талқыланды. 

Айта кетейік, қазақстандық тарап бұл ұсынысты биыл наурыз айында жасаған болатын. Әл-Азһар университеті жанындағы Ислам зерттеулері академиясының бас хатшысы бұл ұсынысқа орай нақты оң шешім қабылданғанын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз