USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +17C
Все города

Мобильді аударымдарға қатысты тексеріс нәтижесі сәуірде белгілі болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
100 адамнан тұрақты ақша алатындар салыққа ілінеді.

Қазақстандықтардың банк карталары арқылы жасалатын мобильді аударымдарына қатысты тексеріс нәтижесі сәуір айында белгілі болады. Осы уақытқа дейін екінші деңгейлі банктер әрбір қаржылық операцияны бақылап, күдік тудыратын шоттар туралы мәліметті салық органдарына жолдайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, егер бір есепшотқа үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі адамнан ақша түссе, банк бұл мәліметтерді салық қызметіне өткізеді. Алайда бұл тексеріс тек картаға түскен жалпы сома 1 миллион теңгеден асқан жағдайда ғана қолданылады. Егер осы шектен асып кетсе, есепшот иесі "көлеңкелі кәсіпкерлік" белгілері бойынша тексеріледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма сарапшысы Ұлдана Сүлейменнің айтуынша, күмәнді операциялар туралы ақпарат банктерден автоматты түрде мемлекеттік органдарға жолданады.

"Белгіленген мөлшерден асқан жеке тұлғалардың мәліметтері екінші деңгейлі банктерден мемлекеттік кірістер органдарына келіп түседі. Осы деректер негізінде камералдық бақылау жүргізіледі. Егер айырмашылықтар анықталса, жеке тұлғаға хабарлама жолданады", – дейді ол.

Сарапшылар бұл шара көлеңкелі бизнесті анықтауға және салықтан жалтарудың алдын алуға бағытталғанын атап өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау