USD: 470.1 / 473.1
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

LRT құрылысы: Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Төле би көшесінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Өзгерістер 16–20 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асады.

16–18 шілде аралығында инженерлік желілерді көшіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осы кезеңде Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Фото: Алматы әкімдігі

 

18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы бөлігінде жалғасады. Осыған байланысты реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын сақтап, аталған учаскеде аса мұқият болу ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау