Қазақстан Қырғызстанға электр жарығын беріп, орнына су алады 

Мемлекеттер энергетикалық ресурс тапшылығына бірлесіп жол бермеуге уағдаласты.

Қырғызстан Қазақстанға "Тоқтағұлдан" секундына 460 текше метр су жіберуге тиіс. Ал еліміз Қырғызстанға қыркүйектен бастап келер жылдың сәуіріне дейін бір жарым млрд киловатт/сағат электр қуатын жөнелтеді. Бұл туралы 24kz хабарлады. 

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Ташкентте қырғызстандық және өзбекстандық әріптестерімен кездесіп, вегетациялық кезеңге қатысты мәселелерді талқылады. Мемлекеттер энергетикалық ресурс тапшылығына бірлесіп жол бермеуге уағдаласты. 

Сондықтан қоймалардағы суды барынша тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығына сақтап қалуды ойластырып жатыр. Мәселен, Қазақстан Қырғызстанға қыркүйектен бастап келер жылдың сәуіріне дейін 1 жарым млрд киловатт/сағат электр қуатын жөнелтеді.

Сырдың төменгі ағысына келетін су мөлшері артады. Ол үшін Қазақстан алдын ала келісілген міндеттемелерін орындады. Енді Қырғызстан "Тоқтағұлдан" секундына 460 текше метр су жіберуге тиіс. Қазіргі көрсеткіш бұдан сәл кем. 

"Нарын өзеніне келетін су азайғандықтан, Қырғызстанның энергия жүйесіне қосымша электр энергиясын жеткізуді талқылап жатырмыз. Қырғыз тарапы бізден 1,5 млрд киловатт-сағат электр қуатын сұрап отыр. Қазақстан бұл сұранысты толығымен өзі өтемек ниетте. Жетпегенін Ресей Федерациясынан аламыз. Соның нәтижесінде біз "Тоқтағұлда" сақталған су көлемін аламыз", – дейді "KEGOC" АҚ жүйелік операторы диспетчерлік орталығының директоры Ералы Шынасылов

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз