USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Дональд Трамп шетел фильмдеріне 100 пайыз баж салығын енгізуді тапсырды

Фото: White House / Flickr
Фото: White House / Flickr
Түсірілім күрт азайған.

Дональд Трамп шетел фильмдеріне 100 пайыз баж салығын енгізуді тапсырды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ақ үй басшысы Голливудты құтқару үшін осындай бастама көтергенін айтады. Әзірге қандай кино туындылары тізімге кіретіні белгісіз. АҚШ президенті елдегі кино алаңдарының дені қаңырап бос тұр деді. 

Түсірілім күрт азайған. Себебі, америкалық киноөндірушілер өзге елдерден көп шақырту алып жатыр екен. Жалпы, Трамптың жаңа тарифтері көптеген кәсіпкерлерді тығырыққа тіреді. Баж салығынан босатуды немесе мөлшерлемені азайтуды сұрап жатқан өндірушілер көп. 

Мәселен, Nike, Adidas, Puma сияқты аяқ-киім өндіретін 76 компанияның өкілі Ақ үйге хат жолдаған. Олар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін тауарларға салықты өсірмеу туралы өтініш айтқан. Өйткені, зауыттардың жетпіс пайызы Қытай, Вьетнам, Камбоджа мен Индонезияда орналасқан екен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз